Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет200/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Созылмалы гепатит D 
HDV-инфекция Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Таяу 


372 
Шығыста, Орталық және Оңтүстік Америкада кең таралған; жеке 
аймақтарда оның таралуы 47% жетеді. Әлемде шамамен 15 млн
адам гепатит D мен ауырады. HDV-инфекция жиілігі СГВ 
науқастарда орташа шамамен 10% (АҚШ мәліметтері бойынша). 
 
Этиология және патогенез 
Ауру толық емес РНҚ-вируспен (HDV, δ-вирус) шақырылады, 
оның экспрессиясы үшін HBV қажет. Берілу жолдары HBV-
инфекциясымен бірдей. Ауру жедел инфекция түрінде дамып бір 
уақытта HBV және δ-вирусын (коинфекция) жұқтыруымен және 
жедел инфекция HBV тасымалдаушысы HDV жұқтыруымен немесе 
СВГ В мен науқас (суперинфекция) жолымен жүруі мүмкін.
Гепатит D ағымы әдетте ауыр және ерекше терапия тиімділігі 
төмен, болжамы қолайсыз болуымен сипатталады. Серологиялық 
маркерлері - АТ Аг HDV не (анти-HDV) және РНҚ HDV. 
Диагностикалық өлшемдері 
Коинфекция ВГВ+ВГD созылмалы түріға өтуі тек 2% 
жағдайда байқалады, ал ВГD суперинфекциясында созылмалы 
гепатит D даму қаупі 90% жетеді. 15% жағдайларда ХГ D
қатерсіз дамиды, алайда көптеген науқастарда аурудың цирроз 
дамуымен тез прогрессирленуі байқалады. Қатерлі ағымында
(нашақорларда басым) бауыр жеткіліксіздігі бірнеше айдан 2 жыл 
аралығында дамиды. Сонымен қатар кейбір науқастарда бауыр 
қызметі ондаған жылдар бойы цирроз болуына қарамастан
стабильді болып қалуы мүмкін. Гепатоцеллюлярлы карциноманың 
даму жиілігі СГ В мен бірдей.
Созылмалы ВГD-инфекция кезінде қанда IgG тобының анти-
HDV жоғары титрі анықталады, ал бастан кешкен ОВГ В+D 
кейінгі жағдайда олардың төменгі титрімен сипатталады. ВГD
репликациясы сарысулық HDV РНҚ анықталуымен айқындалады.
Емі 
Созылмалы гепатит D емі қазіргі уақытқа дейін шешілмеген 
мәселе болып қалуда. Интерферон альфаны жоғары мөлшерде 
қолдану ұсынылады (9-10 млн МЕ тері астына күн ара 48 аптадан 
кем емес уақыт аралығында), алайда мұндай терапия тиімділігі 
төмен; сонымен қатар, оны тоқтатқан соң жиі қайталануының


373 
дамуы байқалады. Қайталану кезінде интерферон альфа төмен 
мөлшерде пайдалануға болады (1 млн МЕ күнделікті) белгісіз ұзақ 
уақытқа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет