Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет203/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Сыртартпа және физикальды зерттеу 
Науқасты дене салмағының динамикасы, анорексияның болуы, 
лоқсу мен құсу, стеотореямен бірге диарея (мальабсорбция 
синдромының көрінуі, бірақ лактулозаның шамадан тыс көп 
болуымен байланысты) туралы мұқият сұрастыру. Науқасты емдәм 
бұзылысы, спирттық ішімдік ішу туралы да сұрастыру. 
Міндетті түрде дене салмағының индексін анықтау. 
Бауырлық энцефалопатияның мүмкін болатын белгілері 
(сонымен қоса науқастың дұрыс емес тамақтануын көрсетеді): 
«елбелеуші» діріл, психикалық бұзылыс.
Сарыауру, асцит, аяқтың ісінуі, бұлшықет атрофиясы, тері асты 
шелмай қабатының жұқаруы, глоссит ақуыз жеткіліксіздігінің 
белгілері болуы мүмкін. 
Акродерматит мырыштың жеткіліксіздігі, пеллагра көрінісі – 
никотин қышқылының жеткіліксіздігі, дерматит - эссенциальды май 
қышқылының жеткіліксіздігі. 
 
Зертханалық мәліметтер 
Жалпы қан талдауы: тромбоцитопения гиперспленизмнің бір 
белгісі ретінде, ЭТЖ-ның жоғарылауы иммундықабынулық 


378 
синдромның бір белгісі ретінде, лимфоциттердің мөлшері 
науқастың арықтау деңгейін көрсетеді. 
Қанның биохимиялық зерттеуі: 
- АЛТ, АСТ белсенділігі (цитолиз синдромы кезінде жоғары); 
сонымен қоса АСТ/АЛТ қатынасын анықтайды; 
- ГГТП белсенділігі (бауырдың алкогольды және алкогольсыз 
майлық ауруының жалғыз зертханалық белгісі болуы мүмкін, 
сонымен қоса оның токсикалық зақымдануы); 
- СФ белсенділігі (ГГТП мен бірге холестаз маркеры); 
- жалпы ақуыз концентрациясы және протеинограмма (жалпы 
ақуыздың төмендеуі бауыр-жасушалық жеткіліксіздігін көрсетеді; 
γ-глобулиннің мөлшерінің жоғарылауы аутоиммунды гепатитке, 
сирек вирусты гепатитке және біріншілік билиарлы циррозға тән); 
- жалпы билирубин концентрациясы; 
- қан сарысуындағы глюкозаның мөлшері; 
- несепнәр мен креатинин концентрациясы; 
- натрий, калийдің қан сарысуындағы концентрациясы. 
Коагулограмма: активтелген жартылай тромбопластиндік 
уақыт, протромбиндік уақыт, протромбиндік индекс, фибриноген. 
Қандағы 
иммуноглобин 
А 
(бауырдың 
ішімдіктермен 
зақымдануында жоғарылаған), М (біріншілік билиарлы цирроз 
кезінде жоғарылаған), G (созылмалы үрдіс кезінде жоғарылаған) 
мөлшері. 
Гепатит вирусының маркерлері: HBsAg, HBeAg, анти-HBc IgM, 
анти-HBc IgG, HBV ДНК, анти-HCV, HCV РНҚ, оның ішінде 
вирусқа қарсы жүктеме HCV, генотиптерді анықтау HCV, анти-
HDV, HDV РНҚ бауыр зақымдануының этиологиясы вирусты 
екендігі шыншылдықпен диагностикалауға мүмкіндік береді. 
 
Аспаптық зерттеу 
1. Іш қуысы мүшелерінің УДЗ: бауырдың елеулі эхогенділігінің 
жоғарылауы майлық дистрофияны және фиброзды көрсетеді, бірақ 
ерекшеемес көрсеткіш болып табылады. Көкбауырдың ұлғаюы, 
қақпалық жүйенің тамырларының кеңеюі және көзге көрінетін 
коллатеральдер қақпалық гипертензияның болуын көрсетеді. УДЗ 
кезінде жеңіл түрде аз мөлшердегі асциттік сұйықтықты да байқауға 
болады, бірақ УДЗ кезінде сұйықтық мөлшерін анықтау сирек емес 
жағдайда дұрыс емес болып табылады. 


379 
2.ФЭГДС: бауыр циррозы диагнозын қойған кезде варикозды 
кеңейген көктамыр айқындылық деңгейін анықтау үшін міндетті 
түрде жасау. Оның жоқ болуы жағдайында эндоскопиялық 
зерттеуді 3 жыл интериінімен қайталап жасайды. Өңештің 
көктамырларының варикозды кеңеюінің 3 деңгейін ажыратады: 
I деңгей: варикозды кеңейген көктамырлар өңешке ауа жіберген 
кезде жабысып қалады; 
II деңгей: I және III деңгей аралығы; 
III деңгей: варикозды кеңейген көктамырлар өңеш қуысын 
бітейді. 
3.Биоптатты гистологиялық зерттеу бауыр биопсиясы (фиброз 
индексін және гистологиялық белсенділікті анықтау). Бауыр 
биопсиясын тиімді коагуляциялық көрсеткіштер болғанда жасау 
(МНО 1,3 аз немесе протромбиндік индекс 60% жоғары,
тромбоциттер мөлшері 60×10
9
/л жоғары). Емшараны УДЗ 
бақылауымен жасау асқынудың даму қауіптілігін төмендетеді. 
4.Асциттік сұйықтықты зерттеу. 
Жасушалық құрамын анықтау асцит табиғатын ісіктік 
болжамнан ажырату. Биохимиялық (бірінші орында ақуыз 
мөлшерін 
анықтау) 
және 
микробиологиялық 
зерттеу. 
Дифференциальды диагноз үшін бауыр циррозына байланысты 
дамыған асцит және басқа да этиологиядан дамыған асцитті айыру 
үшін 
қандағы 
және 
асциттік 
сұйықтықтағы 
альбумин 
концентрациясының айырмашылығын анықтау: егер қандағы 
альбумин мөлшері асциттік сұйықтықтағы мөлшерден 1,1г/л-ден 
жоғары болса, асцит бауыр циррозы кезіндегі қақпалық 
гипертензиядан туындаған. Нейтрофильдердің мөлшері 250/мм
3
жоғары болса спонтанды бактериалды перитонит диагонзы 
қойылады. 
5. Қосымша әдістер – іш қуысының мүшелерінің КТ, МРТ: 
бауыр, көкбауыр, бүйрек, ұйқы безі – диагнозды айқындау қажет 
болған жағдайда. 
Емі 
Емнің мақсаты: 
■Бауыр циррозын тоқтату немесе баяулату. 
■Бауыр циррозының клиникалық белгілерін, асқынуларын жою 
немесе төмендету. 


380 
■Бауыр циррозымен ауыратын науқастардың өмірінің жағдайы 
мен ұзақтығын жоғарылату. 
Бауыр циррозының емі келесі іс-шаралардан тұрады. 
■Негізгі ауруын емдеу.
■Қолайлы нутритивті статусты сақтап отыру. 
■Асқынулардың дамуын ескерту: варикозды кеңейген 
көктамырдан қан кету, асцит, бүйректік жеткіліксіздік, бауырлық 
энцефалопатия, спонтанды бактериалды перитонит. 
■Дамыған асқынуларды емдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет