381
Ламивудин 100 мг/тәу мөлшерінде 1 жыл бойы
Созылмалы С гепатиты нәтижесінде дамыған бауыр циррозы,
Чайлду-Пью бойынша В немесе С класс:
Интерферон альфа 3 МЕ аптасына 3 рет, 6-12 ай бойы
+
Рибавирин 1000-1200 мг/тәу
Одан айқын дәрежелерінде вирусқа
қарсы терапияның пайдасы
шамалы. Тері есекжемін азайту үшін келесі препараттарды
қолданады:
Колестирамин 1-4 г ішке әр тамақтану алдында
Есекжемге қарсы 2-ші қатар препараттарға налтрексон,
урсодеоксихол қышқылы, дифенгидрамин қолданылады.
Ұйқысыздық кезінде дифенгидрамин
мен амитриптилин
тағайындауға болады. Асқазан мен өңеш көктамырларының
варикозды кеңеюі кезінде қақпа венасындағы қысымды және қан
кетулерді азайту үшін селективті емес
β-адреноблокаторларды:
пропранолол
мен
надолол
тағайындайды.
Жүрек
жиырылу
жиілік
(ЖЖЖ)
деңгейі
бастапқыдан 25%-ға төмендеу керек.
Егер сыртартпаінде асқазан
мен өңеш көктамырларының варикозды кеңеюінен қан кетулер
болса пропранолол немесе надолол қолданғанда ФГДС кезінде
өңештін көктамырлық қысымын бақылау керек ол 12 мм.сын.бағ.
аспау керек. β-адреноблокаторларды қолдану мүмкін емес болғанда
өңеш көктамырларының эндоскопиялық лигатурлау көрсетілген,
тек осы шара мүмкін емес
болғанда науқасқа изосорбид
мононитратты (20 мг күніне 2 рет) тағайындау қарастылады. β-
адреноблокаторлар мен изосорбид мононитрат біріктірілуі мүмкін.
Егер жоғары көрсетілген шаралар әсер етпесе, қан кетулерді
алдын алу үшін баламалы шара ретінде трансюгулярлы бауырішілік
портожүйелік стенттеу немесе шунттау оталарын жүргізуге болады.
Асцит бар кезінде науқасқа белсенді диуретикалық терапия
(спиронолактон немесе спиронолактон + фуросемид)
немесе
баламалы ем ретінде лапароцентез қолданады.
382
Спиронолактон орташа мөлшерде 100-200 мг/тәу (до 400 мг/тәу)
Терапия әсерінің жеткіліксіздігі кезінде диуретиктердің қосарланған
үлгісін тағайындайды:
Спиронолактон 100 мг
+
Фуросемид 40 мг.
Оң диурез кезінде күнделікті дене салмағының азаюы:
перефириялық ісінулер жоқ кезде 500 гр-нан, ал бар кезде 800-
1000гр-нан аспау керек.
Препараттардың максималды тәуліктік мөлшері 400мг
спиронолактон + 160 мг фуросемид аспау керек.
Қандағы альбумин деңгейі төмен болған кезінде онкотикалық
қысым деңгейін көбейту үшін альбуминді инфузия түрінде
тағайындайды.
Диуретиктердің барынша жоғары мөлшерін енгізгеннен
кейін әсері болмағанда, және жанама әсерлері айқын көрінгенде де,
асцитті рефрактерді болып саналады.
Лапароцентез – рефрактерлі асцитті емдеудің шараларының бірі
болып табылады; ол шараны тамыр ішілік альбумин инфузиялармен
қатар жүргізу керек. Лапароцентез – уақытша шара; рефрактерлі
асцитті жақсырақ қадағалау үшін
перивенозды шунттау немесе
трансюгулярлы бауырішілік портожүйелік стенттеу немесе шунттау
жүргізеді (егер бауыр трансплантациясы жоспарланса).
Қадағаланатын зерттеулердің қортындысы негізінде (
Достарыңызбен бөлісу: