388
Алдын – ала диагнозды ІІ Римдік өлшемдердің негізінде қояды
(1999 ж.).
1.
12 апта ағымында іштегі ауырсыну және\немесе
жайсыздық сезімі, міндетті түрде кезекті емес, ал соңғы 12 ай
ішінде;
-
Олардың айқындығы дефекациядан кейін азаяды, және\немесе.
-
Дефекация жиілігінің өзгеруімен байланысты; және\немесе.
-
Нәжіс консистенциясының өзгеруімен байланысты, сонымен
қатар.
2.
Екі немесе одан да көп төменде берілген көріністер:
-
Дефекация жиілігінің өзгеруі (күніне 3 реттен жиі немесе
аптасына 3 реттен сирек);
-
Нәжіс консистенциясының өзгеруі (түйіршікті, тығыз нәжістік
массалар немесе сулы нәжіс);
-
Нәжіс пассажының өзгеруі (дефекация кезінде күшену,
дефекацияға шұғыл шақырулар, толық емес эвакуация сезімі);
-
Шырыш пассажы және\немесе метеоризм немесе іштің үрлену
сезімі.
Қорытынды диагнозды органикалық
патологияны жоққа
шығару арқылы қояды.
ІІ
Римдік
өлшемдерді
қолдану
үшін
"Қауіп
симптомдары"болмау керек (39- кесте).
39-кесте. "Қауіп симптомдары", ІТС диагнозын жоққа шығару
үшін.
Сыртартпа
Дене салмағын жоғалтуы
50 жастан асқанд симптомдарының пайда болуы
Түнгі уақыттағы симптомдары, науқасты әжетханаға
тұрғызуға мәжбүрлеу
Тоқ ішектің ісігі және қабыну үрдістері бойынша
отбасылық сыртартпа
Іштің тұрақты қарқынды ауырсынуы, АІЖ зақымдалуының
жалғыз негізгі симптомы ретінде
Жақын уақытта антибиотиктерді қолдану
Қарау
мәліметтері
Қызба
Гепатомегалия, спленомегалия
Зертханалық
және
аспаптық
мәліметтер
Нәжісте жасырын қанның болуы
Гемоглобин концентрациясының төмендеуі
Лейкоцитоз
389
ЭТЖ жоғарлауы
Қанның биохимиялық өзгерісі
"Қауіп симптомдары" болған кезде науқасқа тыңғылықты
зертханалық – аспаптық зерттеу жүргізу қажет.
Сыртартпа және физикальды қарау
Науқастардың жалпы жағдайы жақсы және көптеген
шағымдарға сәйкес келмейді. Шағымдардың сипаты өзгерісті,
жағдайдың нашарлауымен және психоэмоциональды себептер
арасында байланыс бар. Негізгі шағымдар – іште ауырсыну,
нәжістің бұзылысы және метеоризм. ІТС түнгі
уақытта типтік
симптомдардың болмауы тән.
Іштегі ауырсыну әртүрлі сипатта болады:басып қысатыннан,
тырнап толғақ тәріздіге дейін. Ауырсыну әдетте іштің бүйір
және\немесе төменгі бөлімдерінде, сол және оң жақ қабырғаастында
(бауырлық және бүйірлік бұрыш синдромы) сәйкес кеуде қуысының
бөлігіне иррадияциямен орналасады. Ауырсынудың пайда болуы
тағамның қабылдауымен, күйзелу тік жағдаймен,
физикалық
жүктемемен
байланысты.
Ерекше
сипаты
–
ауырсынудың таңертенгі немесе күндізгі уақытттарда пайда болып
(науқастың белсенділік жағдайында) және ұйқы кезінде, демалыс
кезінде басылуы тән.
Нәжістің бұзылуы диареямен де, іш қатумен де немесе осы
симптомдардың кезектесуімен де көріне алады. Іш қатумен қатар,
науқастарға фрагменттелген "құмалақ тәрізді" нәжістің болуы тән.
Дефекацияға шақырулар сақталған, нәжіс күнделікті болуы мүмкін,
ішектің толық босамау сезімінсіз. Диарея кезінде нәжіс жиілігі
күніне 3-5 реттен аздаған мөлшерде нәжіс бөлуін құрайды.
Метеоризм және іштің кебуі, ішекте газ түзілу және бөліну
процесінің бұзылуы нәтижесінде дамиды.
ІТС кезінде физикальды мәліметтер арнайы емес. Көлденең
жиекті ішектің бүкіл бөлігін пальпациялау кезінде ауырсыну болуы
мүмкін: қатайған тығыз сигматәрізді ішекті, кеңейген қорылдаған
соқыр ішекті пальпациялайды.
Зертханалық және аспаптық зерттеу
ІТС диагнозын нақтылау үшін қанның клиникалық және
биохимиялық зерттеуі, нәжісті жасырын қанға тексеру талдауы ,
390
полиптер мен ісіктерді, сонымен қатар, ішектің әртүрлі нұсқаулы
қабыну ауруларын анықтау үшін сигма- немесе колоноскопия
(керек болған жағдайда биопсиямен бірге) жүргізіледі.
Ультрадыбысты зерттеу мәліметтері (көрсеткіш бойынша
компьютерлі
томография
жүргізіледі)
ішек
бұзылысы
симптомдарын негіздеу үшін,
өт тас ауруын, ұйқы асты безінде
жылауықтар мен кальцинаттарды, іш қуысы мүшелерінде немесе
ретроперитонеальды кеңістікте көлемді түзілімдерді (мысалы, кіші
жамбас астауында) жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Нәжіспен
бірге тәуліктік майды жоғалтуды анықтау, ұйқы асты безінің
сыртқы секреторлық жеткіліксіздігін диагностирлеуге мүмкіндік
береді. Жасырын лактазды жеткіліксіздікті шығару үшін, лактозаны
шектеу немесе лактозамен жүктемелі тестті қолдану арқылы 2 – 3
апталық емдәм тағайындайды. Көрсеткіш бойынша ішектің
рентгенологиялық зерттеуі (ирригоскопия немесе ащы ішек
бойымен
барий
пассажын
зерттеу),
гастродуоденоскопия
(целиакияға күдік туғанда терең биопсия немесе Уиппл ауруы),
ішектік топтағы бактерияны анықтау үшін нәжіс зерттеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: