Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет208/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Емі 
Емдеу мақсаты: 

Психоэмоциональдық ахуалды дұрыстау. 

Ішектің бұзылу қызметін дұрыстау. 

Ауырсыну синдромын басу 
Медикаментозды емес емі 
Еңбек ету және демалу тәртібі, барабар, бірақ шектен тыс емес
физикалық жүктемелер қажет. 
Тағамдарды шектеу арқылы емдәм тағайындайды. Көбінесе
науқастар сүтті, газды сусындарды, жануар майын, қырыққабатты 
(түсті, брокколи), ішімдіктерді қабылдағанда өздерін нашар 
сезінеді. Іш қатуы бар науқас өсімдік текті жасынықты көп 
мөлшерде пайдалануына кеңес беріледі. Тамақ тәртібіне қосымша 
тамақ талшықтарын қосқан тиімді. Қолданатын тәуліктік сұйық 
көлемі 1,5 – 2 л кем болмау керек. 
 
Медикаментозды емі 
Ауырсыну синдромы 
Ішектің тегіс салалы бұлшықеті тонусының жоғарлауымен 


391 
байланысты. Ауырсыну синдромын басу үшін спазмолитиктерді 
қолданады (емдеу курсы 2-4 апта): 
Дротаверин 2 таблеткадан 2-4 рет күніне 
немесе 
Мебеверин 200 мг 2 рет күніне 
немесе 
Пинаверия бромид 50 мг 3 рет күніне 
Спазмолитиктердің седативті заттармен қосарлануы оң мәнді 
әсер береді. 
Сонымен қатар, ауырсынуды басу үшін трициклдік 
антидепрессанттар көрсетілген, ерекше клиникалық көріністе 
ауырсыну синдромы басым болса. Депрессияны емдеуді 
тағайындауға қарағанда, аз мөлшерде тағайындалады (мысалы, 
амитриптилин 25-50 мг түнге қарай). 
Диареялық синдром 
Диареялық синдромды емдеу үшін лоперамидтті қолданады: 
Лоперамид 4 мг (2 капсула) бірінші сұйық нәжістен кейін, содан 2 
мг әр сұйық нәжістен кейін, бірақ 16 мг күніне аспау керек.
Лоперамидті қолданған кезде нәжіс жиілігі тәулігіне 3 реттен 
кем болмау керек. Нәжіс болмаған кезде немесе 12 сағ ағымында
қалыпты нәжіс болған кезде, тоқтату керек. Адсорбенттер 
қолдануға 
мүмкін: 
кальций 
карбонат, 
белсенді 
көмір, 
смектитадиоктаэдриялық 3 г күніне суспензия түрінде. Диареяның 
ауырсыну 
синдромымен 
қосарласуы 
кезінде 
трициклдық 
антидепрессанттар әсерлі болып табылады. 
Іш қату 
Іш қатуы бар науқастарды емдеу ішектік транзитті және 
дефекацияға рефлексті қалыпқа келтіру үшін бағыттау. Өсімдік 
текті талшықтармен тамақтану тәртібі әсеривсіз болса, жұмсақ 
осмотикалық іш жүргізетін дәрілік заттарды қолданады: 
Лактулоза 30-50 мл/тәу 


392 
Сенна, фенолфталеин негізіндегі дәрілік заттарды жоққа 
шығару керек, себебі, олар симптоматиканың күшеюіне алып келуі 
мүмкін. 
Метеоризм 
Метеоризмнің айқындылығын төмендету үшін әсерлі қолданған 
жөн: 
Симетикон 2 қаптамада 3 рет күніне
немесе 
Альверин цитрат + симетикон 1 қаптамада 2 рет күніне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет