Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет198/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Пегинтерферон альфа-2а
Ем СГВ АЛТ белсенділігі жоғарлауымен жүргенде, вирус 
репликациясы мен қабыну белгілерімен, циррозсыз немесе 
компенсирленген цирроз кезінде жүргізіледі. Терапия курсы 
ұзақтығы 1 жыл. Пегилированды интерферон альфа-2а мен 
монотерапия кезінде тұрақты вирусологиялық жауап жиілігі ( HBV 
ДНК‹105/мл концентрациясының төмендеуі) 33% HBeAg оң 
науқастарды және 44% науқастарда HBeAg гепатит теріс 
науқастарды құрайды, HBeAg сероконверсиясы 27-32% 
науқастарда бақыланады, HBsAg - 3-4% науқастарда, тұрақты 
биохимиялық жауап ( АЛТ қалпына келуі) сәйкесінше 40 және 60% 
науқастарда болады.
Ең жиі кездесетін кері әсерлері - қызба, шаршағыштық, 
миалгия, бас ауыруы. 


366 
Интерферонотерапия қарсы көрсеткіштер келесі жағдайларда: 
■Абсолютты қарсы көрсеткіштер: 
- жүректің ауыр аурулары болуы; 
- жүктілік немесе әсеривті контрацепция болмауы, лактация; 
- мүшелер трансплантациясынан кейін (бауырдан басқа) немесе
жұлынның; 
- аутоиммунды гепатит, декомпенсирленген бауыр цирроз
немесе гепатоцеллюлярлы карцинома; 
- гранулоцитопения 1,5х10
9
/л төмен немесе тромбоцитопения
90х10
9
/л. төмен. 
■ Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: 
Белсенді немесе бақылануы қиын аутоиммунды аурулар 
(жаралы колит, псориаз, гипертиреоз, ЖҚН); қант диабеті. 
Интерферонды тағайындауға қарсы қарсы көрсеткіші бар 
науқастарға, мысалы декомпенсирленген бауыр циррозы немесе 
аутоиммунды аурулар, нуклеозид/нуклеотид аналогтарын 
пероральды тағайындау ұсынылады.
Ламивудин 100 мг/тәул пероральды
АИВ-жұқтырғандарда мөлшерін 150 мг/тәул дейін жоғарлатқан жөн 
(сонымен 
бірге 
басқа 
антиретровирусты 
препараттар 
тағайындайды). 
Емдеу курс ұзақтығы - 1 жыл. 
Әсер болмаған жағдайда курс ұзақтығын созуға болады, ол
HBeAg-негативті нұсқаларында да көрсетіледі. 1 жыл тұрақты 
емнен соң HBeAg және HBV ДНК жоғалуы 16-18% жағдайда, 
гистологиялық жақсаруы - 46-56% жағдайда байқалады. HBeAg 
сероконверсиясының 24 және 36 айынан соң 27 және 33% жағдайда 
байқалады. Ламивудинмен біржыл бойғы терапия тұрақты 
ремиссия үшін жеткіліксіз, вирус репликациясын басу үшін ұзаққа 
созылған терапия қажет. Бірақ терапия ұзақтығы созылған сайын 
вирус нұсқаларының препаратқа сезімталдығы төмендейді. 
Ламивудинге тұрақты мутант штаммдар пайда болу мүмкіндігі - 1,2 
және 3 жыл емнен соң 14, 38 және 49%, сәйкесінше (клиникалық 
көрінісі гепатит асқынысы түрінде болады) және 4 жыл емнен соң 
100%-ға жақындайды. Ламивудинді көтере алушылығы әдетте 
жақсы (кері әсерлері плацебо қабылдағанға қарағанда сирек 


367 
дамиды). Емдеу курсы аяқталған соң ауру асқынуы дамуы мүмкін, 
сол себепті науқасты кем дегенде 1 жыл бақылауда ұстаған жөн. 
Антивирусты терапия жүргізгенде резистенттілік деңгейі төмен 
препараттар таңдаған дұрысырақ, мысалы адефовир, энтекавир 
немесе тенофовир, әсіресе бауыр циррозы бар науқастарда.
Дегенмен экономикалық шектелген жағдайларда ем ламивудинді 
ерте деңгейінде адефовирмен қосу арқылы тағайындаудан 
басталуы мүмкін (немесе телбивудин), резистенттілік анықталған 
жағдайда немесе HBV ДНК ≥ 104 МЕ/мл немесе ≥ 105 копий/мл
деңгейін 24 апта терапия кезінде сақталса (Бүкіләлемдік 
Гастроэнтерологиялық Ұйымның тәжірибелік ұсыныстары, 2008). 
Резистенттілік дамуының алдын алу мақсатында келесі 
стратегиялар 
қолданылуы 
мүмкін 
(Бүкіләлемдік 
Гастроэнтерологиялық Ұйымның тәжірибелік ұсыныстары, 2008): 
• Бірінші қатарлы ем үшін мықты антивирусты препарат
немесе белгілі уақыт аралығында төмен резистенттілігін дәлелдеген 
препарат (генетикалық тосқауылы жоғары) таңдалады. 
• Емдеу курсы барысында жиі вирустық жүктемені зерттеу 
қажет (әрбір 3–6 ай сайын ) және резистенттілікке зерттеу 
(генотиптеу), олар вирусологиялық жарылыс жағдайларында немесе 
субоңтайлы вирусты супрессия кезінде жүргізілуі тиіс, 
клиникалық 
көрініс 
пайда 
болғанға 
дейін 
генотиптік 
резистенттілікті анықтау үшін. 
• Егер HBV ДНК > 105 МЕ/мл немесе ≥ 106 копий/мл немесе 
препаратқа резистенттілігін анықтау барысында АЛТ жоғарлаған 
болса, басқа препаратпен емдеуге көшкеннен гөрі басқа 
антивирусты препарат қосқан дұрыс (интерферонға резистенттілік 
дамуы жайлы мәліметтер жоқ, алайда кейбір пациенттерде HBV 
ДНК деңгейі төмендеуі анықталмайды. Мұндай жағдайларда 
терапия тоқтатылған жөн.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет