Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет186/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Емі 
Емдәм: майлы, ащы тағамды шектеу, шикі пияз және 
сарымсақты шектеу, ішімдік, дәмдеуіш, томат шырынын шектеу 
керек. Жиі аз мөлшерден тамақтану (5-6 рет/тәу) ұсынылады. 
Өмір сүру салтын өзгерту: дене салмағын қалыпқа келтіру, 
шылым шегуден бас тарту, физикалық жүктемелерді шектеу. 
Одди сфинктерінің тегіс бұлшық етінің түйіліуін басу үшін 
нитраттар, антихолинергиялық препараттар, кальций каналының 


341 
блокаторлары және миотропты спазмалитиктер қолданылады. 
Папаверин 40-60 мг ішке 
немесе
Пинаверия бромиді 50 мг ішке
немесе
Дротаверин 40-80 мг ішке
немесе
Мебеверин 200-400 мг 2 рет/тәу ішке 1-2 ай көлемінде.
Нитраттар (нитроглицерин, изосорбид динитрат) тегіс салалы 
бұлшық етке азоттың бос радикалдары әсер етіп, цГМФ-ты 
белсендендіріп бұлшық еттің босаңсуына әкеледі. Бірақ бұл 
препараттар кардиоваскулярлы және басқа да жанама әсерлер 
көрсетеді. Препаратқа төзімділік туған жағдайда емді жанастыруды 
қажет етпейді. Селективті емес кальций каналының блокаторлары 
(нифедипин, верапамил және т.б.) тегіс салалы бұлшық етті 
сонымен қоса өт айдау жолдарын босаңсытады, бірақ жоғарғы 
әсерді алу үшін үлкен мөлшерде қабылдауды қажет етеді. 
Гимекромон препараты Одди сфинктеріне және өт капшығына 
таңдаулы спазмолитикалық әсер көрсетеді. 
Гимекромон 200-400 мг 3рет/тәу тамақтанар алдында ішке 
қабылданады, 1-2 ай. 
Бұл препараттың әсері өт айдау жолының дисфункциясы бар 
науқастарға әсер етеді, өт айдағыш қасиетке ие, билиарлық 
жеткіліксіздікті жояды, сонымен қоса Одди сфинктерінің 
дисфункциясы, оның гипертонусы кезінде, холецистэктомиядан 
кейінгі науқастарға жақсы әсерін тигізеді. 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет