332
қайталануына қарсы емі эрадикациялық антихеликобактерлы
терапия болып табылады. Эрадикациялық терапия курсын әр H.
pylori анықталған ойық жарасы бар науқасқа жүргізу қажет.
H. pylori эрадикациясына көрсеткіштер (Маастрихт IV, 2011):
- асқазан және он екі елі ішек ойық жара ауруы өршу және
ремиссия
сатыларында, сонымен қатар асқынуды емдегеннен
кейін- асқынған түрлерінде;
- ҚҚСП емдеу курсының алдында жара пайда болу мен қан
кетудің алдын алу мақсатында антихеликобактерлы
терапиясын
жүргізу қажет;
- аспиринмен ұзақ уақыт емдеу қажеттілігі болғанда және
сыртартпаінде қан кету болған жағдайда H. pylori инфекциясын
анықтау үшін тест жасау
қажет және оң нәтижесінде
антихеликобактерлы ем тағайындау қажет;
- ҚҚСП ұзақ емдеу қажеттілігі болғанда және ойық жара ауруы
болып немесе қан кету болған жағдайда H. pylori эрадикациясына
қарағанда протонды помпа тежегіштерімен емдеу әсерлі болып
келеді (жара түзілу мен қан кетудің алдын алу үшін).
Асқазан жарасының тыртықтануын 4, 6, 8
аптадан кейін, ал
дуоденальды -2, 4, 6 аптадан кейін бақылайды. Эрадикацияны
асқынбаған ойық жара ауруы кезінде тыныс алу уреазалық тест
нәтижесі негізінде бақылау қажет. H.
pylori эрадикация сәттілігі,
аурудың қайталанусыз ағымын және жара ауруының емдеуінің ең
нәтижелілігін көрсетеді.
Маастрихт 4, 2011 ж. Келісімі бойынша ұсынылған эрадикация
сызбасы: