Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет178/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдері
Шағымы мен сыртартпа 
Ауырсыну- айқын көрінісі. Ауырсынудың сипатын, ұзақтығын, 
пайда болу уақытын және қандай жағдайда жойылады, тағамға 
қатысын анықтау қажет. 
Ерте ауырсыну тамақ қабылдаған соң 0,5-1 сағаттан соң пайда 
болып біртіндеп ауырсну қарқыны күшейе түсуі, 1,5-2 сағатқа 
созылуы, асқазандағы құрамның он екі елі ішекке ауысқанда 
ауырсынудың жойылуы немесе басылуы, бұл асқазан денесінің 
ойық жара ауруына тән. Тамақ ішкен соң бірден ауырсыну 
асқазанның кардиальды, субкардиальды және фундальды бөлігінің 
ойық жарасына тән.
Кеш ауырсыну тамақтан соң 1,5-2 сағ пайда болуы, асқазандағы 
құрамының жылжи бастағанда ауырсынудың күшейе бастауы 
асқазанның пилорикалық бөлігіне және он екі елі ішектің 
жуашығының ойық жара ауруына тән. 
Аштық (түнгі ауырсыну) тамақтан соң 2,5-4 сағаттан соң пайда 
болуы, келесі тағам қабылдағаннан соң жоғалуы, он екі елі ішектің 
және асқазан пилорикасының ойық жара ауруына тән. 
Ерте және кеш ауырсынулардың бірігуі аралас ойық жара 
ауруларына немесе көптеген ойық жараға тән. 
Ауырсынудың қарқындылығы жасқа байланысты өзгере беруі 
мүмкін ( жастарда ауырсыну айқын түрде өтеді) асқыну сатысында. 
Ауырсынудың пайда болу проекциясы ойық жараның орналасу 
орнына байланысты. 
Емізікше тұсындағы ауырсыну – асқазанның кардиальды және 
субкардиальды бөлігіндегі ойық жарасына тән. 
Асқазан денесіндегі ойық жара ауырсынуы – орталық сызықтан
сол жақ эпигастрий бөлігіне тән. 


329 
Пилорикалық бөлік және он екі елі ішектің ойық жарасында – 
орталық сызықтан оң жақ эпигастрий аймағының ауырсыну тән.
Физикалық тексерістер ойық жараның өршуі кезінде – 
эпигастрий 
аймағының 
жергілікті 
ауырсынуы 
немесе 
пилобульбарлық аймақтың пальпация кезінде іштің алдынғы 
бұлшықетінің 
резистентілігі, 
кейде 
жергілікті 
перкуторлы 
ауырсыну (Мендель симптомы). 
Зертханалық көрсеткіштер: жасырын қан кету салдарынан 
анемия болуы мүмкін, лейкоцтиоз және ЭТЖ жоғарылауы асқыну 
сатысында. 
Аспаптық зерттеулер 
Эндоскопиялық тексерістер ойық жараның орналасуын, 
тереңдігін, түрін, өлшемін, жараның шеттерін (міндетті түрде 
гистологиялық зерттеуге биопсия алу қажет қатерлі ісік ауруларын 
жоққа шығару үшін және Helicobacter pуlori анықтау үшін). 
Бариймен рентгенологиялық зерттеу ЭГДС жүргізуге қиындық 
болған кезде жүргізіледі және де ЭГДС қосымша өңешпен 
асқазанның анатомиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында 
қолданылады (детүріция, анастамоз, стеноз, ісік, асқазан 
қабырғасының тарылуы ) АІЖ жоғарғы бөлігінің контрасты 
рентгенологиялық зерттеуі жаралық дефекті анықтауға мүмкіндік 
береді, бірақ ренттгенологиялық әдіс сезімталдылығы мен 
арнайлығына байланысты эндоскопиялық әдіске жол береді 
(дәлелдік деңгейі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет