319
белгі – асқазан фундальды бөлігінің шырышты қабатында
біріншілік атрофиялық өзгерістер (шырышты
қабат жұқаруымен,
бездер жоғалуы және эпителий метаплазиясымен бірге жүретін
қабыну) дамуы.
■ Созылмалы гастрит, Helicobacter pylori инфекциясы
тудырған (созылмалы гастрит жағдайларының 95%-ы).
Асқазан
шырышты
қабатының
құрылымдық
өзгерістері
барлық
жұқтырғандарда дамиды.
2. Созылмалы гастрит белсенді (қабыну инфильтратында
мононуклеарлы жасушалар мен нейтрофилдер болады) және
белсенді емес (тек қана мононуклеарлы жасушалар – лимфоциттер,
плазмалық жасушалар және макрофагтар) болуы мүмкін, сонымен
қатар ішектік метаплазиямен немесе
фундальды бөлім бездерін
пилорикалық бөлімнің сөлбөлуші бездерімен алмастыратын,
псевдопилорикалық метаплазиямен жүруі мүмкін.
1990 ж. созылмалы гастриттің Сиднейлік жіктелуі ұсынылды.
Ол
асқазаннның
шырышты
қабатының
морфологиялық
өзгерістерін, топографиясын, ауру этилогиясын ескереді, одан басқа
созылмалы гастриттің ерекше түріларын (гранулематозды,
эозинофильді, лимфацитарлы және ребелсенді) бөліп көрсетеді.
Созылмалы гастриттің соңғы жіктелуі 1994ж. ұсынылып,
Хьюстондық атауын иеленді. Бұл
жіктелуде аурудың келесі
нұсқалары бөлінген:
■ атрофиялық емес гастрит (синонимдері: беткей, диффузды
антральды, интерстициалды, гиперсекреторлы, В типті);
■ атрофиялық гастрит:
- аутоиммунды (синонимдері: А типті, асқазан диффузды
денелері, пернициозды анемиямен ассоцирленген),
- мультифокальды (асқазан
обыры аурушаңдығы жоғары
елдерде кездеседі);
■ ерекше түріларі (химиялық, радиационды лимфоцитарлы
инфекционды емес гранулематозды, эозинофильді).
Достарыңызбен бөлісу: