292
Шағымы
СҚ шығарушы жолдарының орташа айқындалатын
обструкциясында клиникалық көріністер болмайды. СҚ мен СЖ
диастолалық қысымының жоғарылауына алып келетін, СҚ
диастолалық толуының бұзылысымен негізделетін ең жиі шағымы
ентікпе болып табылады. Одан басқа әлсіздік,
тез шаршағыштық,
бас айналуы, жүрек жұмысының ырғақсыздығы, естен тану және
есеңгіреу алды жағдайы байқалады. Симптомдардың айқындылығы
СҚ шығару жолдарының обструкция дәрежесіне байланысты емес.
ЖИА жиі болмаған жағдайда кеудеде атипті ауырсынулар және
стенокардия ұстамалары болуы мүмкін.
Физикалдық зеттеу
Қарау кезінде ауруға тән клиникалық көріністер болмайды.
Пальпация кезінде 5 қабырға аралықта орналасатын, жиі солға
ығысқан биік, жайылмалы жүрек ұшы түрткісі анықталады. Пульс
жиіленген, кейде диктотикалық.
Аускультацияда обструктивті
ГКМП негізгі диагностикалық ерекшелігі төстің сол жағынан
төртінші қабырға аралықта және жүрек ұшында анықталатын
шығарымдағы систолалық шу болып табылады.
Зертханалық зерттеу
Кеңінен таралған басқа кардиологиялық ауруларды жоққа
шығару мақсатында қанды зерттеу (липидтер спектрі, миокард
некрозының биомаркерлері, қанның электролитті қосылысы, қан
сарысуының глюкозасы), бүйректің,
бауырдың функционалдық
жағдайын бағалау және қан мен зәрді жалпы клиникалық зерттеуін
жүргізу қажет.
Аспаптық зерттеу
Аспаптық зерттеу әдістеріне кіреді: ЭКН, кеуде қуысының
рентгенологиялық зерттеуі, ЭКГ Холтерлік мониторлауы, ЭхоКГ,
МРТ
Электрокардиография
Барлық науқастарға ЭКГ 12 тіркемеде жасау керек.
Гипертрофияланған кардиомиопатияның ЭКГ тән негізгі белгілері:
СҚ миокардының күштеме және/немесе гипертрофиясы;
293
Кеуде тіркемелерінде теріс Т тісшесінің болуы СҚ
миокардының ассиметриялы гипертрофиясының әсері;
II, II и AVF тіркемелерінде атипті терің Q тісшесі;
Жүректің ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы (жүрекше
фибрилляция, қарыншалық
өткізгіш бұзылысы, әр түрлі дәрежедегі
Гисс шоғырынң сол жақ аяқшасының блокадасы).
Кеуде торының рентгенографиясы
Науқастарды рентгенологиялық зерттеу кезінде СЖ мен СҚ
ұлғаю белгілері, жүрек көлеңкесі қалыпты болып, бірақ қолқаның
жоғарылаған бөлігінің дилатациясы анықталады.
ЭКГ Холтерлік мониторинг
жүрек
өткізгіштік бұзылысының,
кенеттен болатын өлім себебіне әкелетін қауіп түрін, жүрек
жұмысның дербес жүйке жүйесіне әсер етуін анықтап береді.
Жүректің ультрадыбыстық зерттеу
ГКМП диагностикасында
«алтын» стандарт болады. УДЗ- диагностикалық өлшемдері:
Сол
жақ
қарынша
миокардының
асимметриялық
гипертрофиясы;
Сол жақ қарынша шығарушы бөліктерінің обструкциясы;
Митралды қақпақшаның алдыңғы жармаларының систола
алдылық қозғалысы және онық дистола кезінде қарыншааралық
пердемен жанасуы (SAM- құбылысы); қолқа қақпақшасының
систолалық дірілі.
Емі
Емдеу мақсаты:
Арудың клиникалық белгілерін азайту.
СЖЖ дамуын ақырындату.
Кенеттен болатын өлім мен тромбоэмболияның алдын алу.
Үдемелі
миокард
гипертрофиясына
әкелетін,
нейрогуморальдық жүйеге әсер ету
Америкалық және Еуропалық кардиологтардың консенсусында
(2003ж.) ВСС қауіптілігін стратификациясына негізделіп ГКМП
сырқат науқастарды жүргізу алгоритмі жасалды, үдемелі жүрек
жеткіліксіздігі, өмірге қауіпті
аритмиялардың бар жоқтығына,
міндетті гендік кемістікке тексеру керек 9 -сурет).
295
ГКМП-ның
үдемелі
ағымымен
ауратын
науқастарға
кардиохирургиялық емдеу коррекциясымен (миосептэктомия,
митралды қақпақша
пластикасы немесе протездеуі, кардиовертер-
дефибриллятор имплантациясы, бивентрикулярлы стимуляция)
белсенді емдеу тәсілі ұсынылады.
Негізгі медикаментозды терапиясының науқастарын теріс
инотропты әсері бар β-адреноблокатормен (метопролол,
бисопролол, бетаксолол) жеке тұлғалық мөлшерін таңдап емдейді.
Осындай санаттағы науқастар жыл сайынғы арнайы
мамандандырылған ауруханаға жатуы керек.
Трансформацияға
ұшырау
жоғарғы
дәрежедегі
«дилатационды» кезеңіндегі науқастарда емдеу стратегиясы
созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жалпы терапиясына негізделіп
құралып,
ААФ ингибиторлары, жүрек гликозидтері, β-
адреноблокаторды және спиронолактонды абайлап тағайындайды.
Бұл санаттағы науқастар жүректің тарансплантациясына негізгі
үміткерлер болып табылады.
Әсер етуі дәлелдігіне ешқандай күмән келтірмейтін
(ұсынылған I класс,
Достарыңызбен бөлісу: