Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет149/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Емі 
Антибактериалдық терапия 
Антимикробты терапияны қанды бактериологиялық зерттеуге 
алғаннан кейін бастау қажет. Ауыр ағымында эмпирикалық
терапияны диагнозды қойғаннан кейін 2 сағаттан кем емес уақытта 
бастайды. 
Антимикробты 
терапияны 
эмпирикалық 
түрде 
қақпақшалар түріне (табиғи, протезделген) және клиникалық 
көрінісіне қарап таңдайды. Жеделдеу ИЭ – тің субклиникалық 
түрінде немесе тән емес клиникалық көрінісінде емді қанды 
дақылдандыру нәтижелерін алғанша (24—48 сағ) бастамай тұра 
тұру керек.
Дәрілік терапия протезделген қақпақшаның эндокардиті 
кезінде ұзағырақ болуы тиіс (6 апта), нативті қақпақша 
эндокардитіне қарағанда (2-6 апта), қалған жағдайларда емдеу 
сызбалары ұқсайды, стафилококктік протезделген қақпақша 
эдокардитінде сезімталдық болған кезде антибактериалдық тәртіп
құрамына рифампицин енуі керек.
Пенициллинге-сезімтал пероральдық стрептококктар немесе
D тобындағы стрептококктар 
Сезімтал стрептококктар қатынасына ұсынылатын тәртіпке
(МИК пенициллиндікі ≤ 0,125 мг/л 25 кестеде көрсетілген. Емделу 
жиілігі күтілетіндей > 95%. Асқынбаған жағдайларда 2 апталық
терапия пенициллин немесе цефтриаксонның гентамицин немесе
нетилмицинмен бірігу жолымен жүргізіледі. β – лактамға 


278 
аллергиясы бар науқастар ванкомицин алуы керек. Тейкопланин 
балама ретінде ұсынылды және жүктемелік мөлшерлерді қажет 
етеді (6 мг/кг/12 сағ 3 күн ішінде), кейін 6-10 мг/кг/тәулігіне.
Пенициллинге-тұрақты пероральдық стрептококктар мен D 
тобының стрептококктары 
Пенициллинге-тұрақты 
пероральдық 
стрептококктар 
салыстырмалы резистентті (МИК 0.125-2 мг/л) және абсолютті
резистенттілер деп жіктеледі (МИК > 2 мг/л). Пенициллинге 
тұрақты пенициллин-сезімтал пероральдық стрептококктармен 
антибактериалдық терапия, сапалы бірдей (23 кесте). Алайда
пенициллинге-тұрақты жағдайларда аминогликозидтермен емдеу
3-4 аптаға дейін созылуы мүмкін, ал терапияның қысқа режимі 
ұсынылмайды. Жоғары – ағзалармен тәжірибеде (МИК > 4 мг/л) – 
бұл жағдайларда ванкомицин жөн болады.
23-кесте. Пероральдық стрептококктар және D топтарының 
стрептококктарымен шақырылған инфекционды эндокардиттің
антибактериалдық терапияы [Кардиологтардың Еуропалық 
қоғамының ұсыныстары, 2009] 
Антибиотик 
Мөлшері мен енгізу әдісі
Ұзақтығы.
(апта)
Сенімділік 
деңгейі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет