Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет144/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдері
Миокардиттің клиникалық көріністері болып табылады: 

әлсіздік, шаршағыштық, физикалық жүктемені көтере алмау; 

күшейген 
немесе 
жиілеген 
жүрек 
қағысы, 
жүрек 
жұмысындағы жаңылысу сезімдері; 

жүрек маңындағы сыздатып және тартып ауыратын 
ауырсынулар немесе дискомфорт, нитраттар қабылдағаннан 
басылмайтын, ұзақтығы бірнеше сағаттар мен күндерге дейін.

Ауырлаған ағымында кіші және үлкен қанайналым 
шеңберіндегі қанайналым жеткіліксіздік белгілері анықталады; 


267 

физикалық жүктемеде және тыныштықтағы ентігу; 

жүрек астмасы ұстамалары, ортопноэ; 

пароксизмальдық түнгі ентігу, құрғақ жөтел; 

акроцианоз; 

әртүрлі айқындалған перифериялық ісінулер (аяқтардың 
домбығып ісінуінен
анасаркаға дейін); гидроторакс, асцит болуы 
мүмкін; 

оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі (бауырдың ұлғаюы 
мен фиброзды қабықшасының— глиссонды капсуланың созылуы); 

никтурия, несеп көлемінің азаюы. 
Физикалды зерттеулер 
Миокардиттің орташа және ауыр ағымында кіші және үлкен 
қанайналым шеңберінде қанайналым жеткіліксіздік белгілері 
анықталады: 

аускультацияда қос өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ 
көпіршікті сырылдар; 

мойын веналарының ісінуі, әсіресе горизонтальды қалыпта; 

гепатомегалия 
Сонымен бірге науқастарда жүрек бұлшықетінің зақымдалу 
белгілері анықталады: 

жүректе I тонның басылуы; 

диастолалық шоқырақ ырғағы; 

сол қарыншаның дилатациясынан митральды қақпақшаның 
салыстырмалы жеткіліксіздігімен түсінідірілетін жүрек ұшындағы 
систолалық шу; 

перкуссия бойынша жүрек тұйықтығы шекарасының кеңеюі. 
Жүрек ырғағының әр түрлі бұзылыстары дамуы мүмкін.
Қосарланған перикардит кезінде перикард үйкеліс шуы естілуі 
мүмкін . 
Зертханалық зерттеулер 
Жалпы қан талдауында лейкоцитоз, кейде лейкоцитарлы 
формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ жоғарылауы (әдетте жедел, 
клиникалық 
айқындалған 
миокардитте). 
Эозинофилияны 
трихинеллез, паразитарлы инвазияда, сонымен қоса аллергиялық, 
ішінде әртүрлі дәрілік заттарға реакция кезінде анықтайды. 
Биохимиялық талдауда диспротеинемия (α2- және γ-
глобулиндер деңгейінің жоғарылауы), гиперфибриногенемия, С-
ребелсенді белоктың пайда болуы. Жедел миокардитте қанда әдетте


268 
кардиоерекше ферменттердің — креатинфосфокиназа және оның
МВ-фракциясы, АлАТ, АсАТ, ЛДГ1 және ЛДГ2 деңгейі 
жоғарылайды, бұл өз кезегінде миокард инфарктының қате 
диагностикасына әкелуі мүмкін.
Иммунологиялық талдауда вирусты миокардитке тән 
айналымдағы аутоантиденелерді қанда анықтауға мүмкіндік береді. 
Бактериологиялық зерттеу (дақылдандыру) қан және басқа 
биологиялық сұйықтықтарды ортаға отырғызу миокардиттің 
вирустық немесе бактериалдық себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауығу 
кезінде 
әртүрлі 
вирустарға 
жедел 
кезеңдегі 
титрларымен салыстырғанда антидене титрларының төрт есе артуы 
миокардиттің себебін көрсетеді.
Аспаптық әдістер 
ЭКГ және Холтер бойынша ЭКГ тәуліктік мониторинг: 

қарыншалық кешеннің соңғы бөлігінің өтпелі арнайы емес 
өзгерістері; 

синусты тахикардия; 

жүрек ырғағының бұзылысы (алдымен экстрасистолия), 
тәуліктік мониторинг жасау кезінде анықталады. 
Эндомиокардиальды биопсиямен жүректің сол бөлімдерінің 
катетеризациясы қабыну белгілерін анықтау үшін миокардқа 
гистологиялық және иммуногистологиялық зерттеу жүргізуге 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет