Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет143/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
МИОКАРДИТТЕР 
Миокардит — инфекциондық, токсикалық немесе аллергиялық 
себептермен шақырылған жүрек бұлшықетінің қабынулық ауруы. 
Миокардит жеке ауру ретінде немесе басқа аурулар аясында дамуы 
мүмкін (мысалы жүйелік қызыл жегі (ЖҚЖ), инфекционды
эндокардит және т.б.). Миокардитке кейде перикардит қосарланады 
(миоперикардиттер). 
Жіктелуі 
Миокардиттердің клиникалық және этиологиялық жіктелуі бар.
Миокардиттердің клиникалық жіктелуі 
Жедел миокардит (аурудың жедел басталуымен, айқын 
клиникалық көріністермен, қызбамен, қабынулық үрдістің бар 
екенін көрсететін зертханалық көрсеткіштердің өзгеруімен 
сипатталады; әдетте миокардитке жоғары тыныс жолдарының 
немесе асқазан – ішек жолдарының инфекциялары алғы шарт болып 
табылады.
Жеделдеу миокардит (біртіндеп басталу, ағымы ұзаққа 
созылған, аса айқын емес клиникалық көрініс және зертханалық
көрсеткіштердің аздаған ауытқуы тән). 


265 

Созылмалы миокардит (өршу мен ремиссияның кезектесуімен 
жүретін ұзақ ағым). 
Миокардиттердің ағымы бөлінеді: 

жеңіл; 

орташа ауырлықта; 

ауыр; 

өте ауыр ( Абрамов—Фидлер миокардиттері). 
Этиология және патогенезі 
Инфекционды себептер. 
Вирустар (миокардиттердің 50% шақырады): 
—Коксаки В вирусы — ағымы ауыр өтетін миокардиттердің ең
жиі себебі; 
—Коксаки А вируысы, тұмаудың А және В топты вирустары, 
адено, ECHO1 вирустар, полиомиелит вирусы, эпидемиялық
паротит, қызылша, қызамық, varicellazoster вирусы (желшешек, 
белдемелі теміреткі), қарапайым герпес вирусы, Эпштейна—Барр 
вирусы, цитомегаловирус, АИТВ (ЖИТС – пен ауыратын 
адамдардың 10% - да жүрек зақымдалуы байқалады). 
Бактериялар: 
— Mycoplasma pneumoniae; 
— Chlamydia (жиі емес); 
— Rickettsia (миокардит цуцугамуши қызбасы кезінде ерекше жиі 
дамиды); 
— Borreliaburg dorferi (лайм ауруы); 
— басқа да бактериялар: 
— миокардқа тікелей әсер ететін (Staphylococcus aureus, Enterococci 
spp. және т.б.); 
—кардиотропты токсиндер өндіретін (Corinebacteria diphtheriae 
дифтериямен ауыратын 25% науқастарда миокардит тудырады). 
Саңырауқұлақтар (саңыраукұлақтық миокардиттің ең жиі 
қоздырғышы — Criptococcus neoformans). 
Қарапайымдылар: 
— Toxoplasma gondii, Tripanosoma cruzi ( Чагас ауруы). 
Паразиттер: 
— Trichinella spiralis (трихинеллез), эхинококки және т.б.. 
Инфекционды себептер. 
Ревматоидты артрит, дәнекер тін аурулары, жүйелік васкулиттер. 


266 
Эндокринді бұзылыстар (тиреотоксикоз, феохромоцитома). 
Аллергиялық реакциялар (алдымен сульфаниламидтерге, 
метилдопаға, пенициллинге, тетрациклиндерге, жәндіктердің 
тістеуі). 
Токсикалық әсерлесулер (дәрілік, наркотикалық және басқа 
заттар: 
ішімдік, 
кокаин, 
фторурацил, 
циклофосфамид, 
доксорубицин, стрептомицин, аминосалицил қышқылы). 
Өзге себептер: 
— Кавасаки ауруы (шырышты - терілік синдром); 
— гигантты жасушалық миокардит; 
— сәулелік терапия; 
— трансплантаттың бөтендік танытуы. 
Ревматизм. 
Абрамов—Фидлер идиопатиялық миокардиті. 
Кардиомиоциттерге инфекционды немесе токсикалық агенттің 
тікелей әсері кезінде (миокардтың қабыну жасушаларымен 
инфильтрациясы), сонымен қатар аутоиммундық реакциялар, яғни 
кардиомиоциттер мен микроағзалардың атигендік құрылымының 
ұқсастығынан ағзада миокард антигендерімен қиылыса әсерлесетін 
антидене өндірілу нәтижесінде миокардтың зақымдалуы мүмкін.
Иммунды кешендер пайда болады, комплемент жүйесі белсенеді, 
сонымен қатар миокардтың зақымдалуында Т – лимфоциттер 
басты рөл атқаратын гиперсезімталдықтың баяу типті реакциясы 
іске қосылады.
Мұндай аутоиммунды механизмнің дамуы иммунологиялық 
құбылысымен расталады, ол кезде жедел вирусты миокардитпен 
ауыратын 70—80% науқастарда анықтауға болады және сауыққанда 
жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет