Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет141/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
Диагностикалық өлшемдері
ӨАТЭ тән : 

ентігу; 

кеуде 
қуысындағы 
ауырсыну 
(плевриттегі 
немесе 
стенокардиядағы ауырсынумен ұқсас болуы мүмкін); 

жөтел; 

қан түкіру; 

естен тану; 


260 

АҚ шокқа дейін төмендеуі; 

кенет өлім. 
ӨАТЭ клиникалық көрінісі арнайы емес. Сонымен қоса, 
симптомсыз өтуі мүмкін.
Ентігу 
клиникалық көрінісінде басым болуы мүмкін және келесі 
көріністермен жүреді:

инспираторлы; 

егер қосарланған сол жақ қарыншалық ЖЖ болмаса, отырғанда 
жеңілдемейді; 

егер бронхообструктивті ауру болмаса, алыстан естілетін 
сырылдар жоқ, аускультативті құрғақ сырылдар болуы мүмкін; 

дем алуға қосымша бұлшық ет қатыспайды. 
Артериалды гипотония
ӨАТЭ алғашқы минуттарынан дамиды 
және орталық венозды қысымның бірден жоғарылауымен жүреді
(мойын веналарының ісінуі, вена пункциясында қанның қатты ағуы, 
беттің ісінуі, жедел гепатомегалия). Жоғары өлім қаупі бар ӨАТЭ
шокпен немесе артериалды гипотензиямен, систолалық АҚ< 90 мм 
сын. бағ. немесе ≥ 40 мм сын. бағ. 15 мин немесе одан көп 
төмендеуімен сипатталады. 
Кеуде қуысындағы ауырсыну 
әртүрлі сипатта болуы мүмкін, 
соның ішінде: 

ангинозды тәрізді: нақты сипаты жоқ, төстің жоғары немесе 
төменгі үштен бөлігінде орналасады, нитроглицерин жағдайды 
нашарлатуы мүмкін; 

плевралды: шаншитын, дем алғанда, жөтелде немесе дене 
қалпын ауыстырғанда пайда болып, күшеюі мүмкін, плевра үйкеліс 
шуымен 
және 
қабырға 
аралықтарды 
пальпациялағанда 
ауырсынумен жүруі мүмкін, ол өкпе инфарктының дамығанын 
көрсетеді. 
Соңғысы 
жиі 
өкпе 
артериясының 
дисталды 
тармақтарының эмболиясында аурудың 2–7-ші тәуліктерінде 
дамиды.

Жөтел 
аурудың алғашқы тәулігінде пайда болады: басында 
құрғақ, кейін аздаған шырышты қақырықпен жүреді. 10–30 %
науқастарда әдетте 5– 7- ші тәуліктерде қақырық қанмен боялады. 
Қан түкіру қан кетуге ауыспайды және тромбқа қарсы терапияға 
қарсы көрсеткіш болып табылмайды.

Бет және кеуденің жоғарғы жартысының цианозы 
ірі 
ӨАТЭ нұсқайды.


261 

Стандартты зерттеу әдістері (ЭКГ, кеуде қуысының
рентгенографиясы, эхокардиография) ӨАТЭ кезінде арнайылығы 
аз. 50 % жағдайда ЭКГ –да жүректің оң жақ бөлімдерінің аса 
жүктелуі және гипоксемия белгілерін анықтайды.

Рентгеноконтрасты 
зерттеу 
әдістері 
(флебография, 
ангиопульмонография) — ӨАТЭ диагностикасында «алтын 
стандарт» болып табылады. Алайда бұл әдістер инвазивті және 
арнайы құрылғыны талап етеді.
Өкпенің желдетпелі-перфузионды сцинтиграфиясы
— ӨАТЭ 
диагностикасының жеткілікті ақпаратты әдісі. ӨАТЭ – ның оң 
нәтижеде болу мүмкіндігі немес теріс зерттеу нәтижесінде болмауы 
90% құрайды. Бұл тромбқа қарсы терапияны бастауға немесе одан 
бас тартуға жеткілікті. Онша дәл анықтамаған мәліметтер 
алынғанда қосымша зерттеулер көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет