Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет128/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Экстрасистолия 
 
Экстрасистола (ЭС) — уақытынан ерте пайда болған электрлі 
импульстар (электрокардиографиялық кешендер). 
Жіктелуі 
Пайда болған орнына байланысты қарынша үстілік ЭС (ҚҮЭС) 
және қарыншалық ЭС (ҚЭС) деп бөлінеді. 
ҚЭС жүрек – тамыр ауруларының болжамына ҚЭС әсер етуіне 
байланысты ҚЭС дәрежелерін (градацияларға) бөледі. B. Lown 
бойынша қарыншалық экстрасистолияның жіктелуі: 
0 – ҚЭС жоқ
I – Мономорфты немесе монотопты (30/с дейін) 
II – Мономорты немесе монотопты ( 30/с жоғары) 
III – Полиморфты немесе политопты 
IVA – Қосарланған
IVB - Жүгірістер
ЖТ (3 ЖЭС қатарынана және одан көп) 
V –ерте (R- дің T құбылысы) 
Экстрасистолия себептері: 

өтпелі себептер (физикалық жүктеме немесе эмоционалдық
күйзеліс, тез шаршау, ішімдік, кофе, темекі және т.б.); 


237 

жүректің 
органикалық 
аурулары 
(ЖИА, 
МИ, 
АГ, 
кардиомиопатия, миокардит, жүрек ақауы);
 

жүректен тыс аурулар/жағдайлар (диуретиктермен емдегенде 
пайда 
болатын 
гипокалиемия; 
жүрек 
гликоздтері, 
симпатомиметиктер, антиаритмиялық дәрелер, үш циклды 
антидепрессанттарды қабылдау, әр түрлі эндокриндік аурулар, өт 
тас ауруы. 
Диагностикалық өлшемдер 
Көп жағдайда экстрасистолия симптомсыз өтеді. ЭС аурутын 
науқастардың 30% жуығы жүрек жұмысысының кідірісіне
немесе 
«жүрек жұмысы тоқтағаны» сияқты сезінеді, науқастардың 5—10% 
ЭС жағдайының нашарлағанын айтады. ЭС ЭКГ қорытындысына 
негізделіп қойылады. ЭКГ Холтер тәуліктік миниторингі ерекше 
маңызға ие. ЭС-ның ҚҮЭС немесе ҚЭС (АВ-түйін мен 
қарыншалық) морфологиясын бағалайды.
Қарыншалық 
ЭС 
Р 
тісшесінің 
деформациясы, 
P—Q 
интервалының қысқаруы немесе қалыпты болуы, қалыпты түрі 
немесе QRS кешенінің ұзаруымен (аберрация болуы мүмкін) 
ерекшеленеді.
ЭС АВ- түйінінде теріс Р тісшесі QRS кешенінен кейін пайда 
болады немесе QRS кешеніне қосарлана орналасады.
Толық емес компенсаторлы кідіріс жайында ҚҮЭС кезінде 
алдыңғы – және кейінгі-экстрасистолалык синустық кешен 
арасындағы аралық R—R интервалына қарағанда екі есе 
төмендеуін айтады. 
ҚЭС кезінде QRS кешені бастапқы синустық түйіндегі QRS 
кешеніне қарағанда бір шама кеңейген, деформациянған болып 
кледі. Р тісшесі жоқ немесе QRS кешенінен кейін төңкерілген. ҚЭС 
алдыңғы - және кейінгі-экстрасистолалық синустық кешенімен 
арасы 2 R—R интервалын құрайды. Бұл жағдайда толық 
компенсаторлы кідіріс жайында айтуға болады. 
Емі
Қарынша үстілік ЭС емі 
ҚҮЭС клиникасы көрінбесе емдеуді қажет етпейді. 
ҚҮЭС жүректің немесе жүректен тыс пайда болған аурулары 
жағдайында дамыса, онда негізгі ауруды емдеу керек жағдайлары 


238 
(эндокринды бұзылыстарды емдеу, электролитттік тепе-теңдікті 
қалпына келтіру, ЖИА немесе миокардитты емдеу, аритмия 
шақыртатын дәрілік препараттарды шектеу, ішімдік, темекі тарту, 
көп мөлшерде кофе ішуден бас тарту). 
Жүректің органикалық патологиясы жоқ, бірақ ҚҮЭС-дан 
жағдайы нашарлаған науқастарға таңдау препараты ретінде бета-
блокаторларын тағайындайды: 
Атенолол ішке 25—100 1—2 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС 
себебін шектегенге дейін)
немесе 
Бисопролол ішке 2,5—10 мг 1 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС 
себебін шектегенге дейін)
немесе 
Метопролол ішке 50—100 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС 
себебін шектегенге дейін) 
немесе 
Пиндолол ішке 5—30 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС себебін 
шектегенге дейін) 
немесе 
Пропранолол ішке 10—40 мг 2—4 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС 
себебін шектегенге дейін)
немесе 
Тимолол ішке 10—30 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС себебін 
шектегенге дейін). 
Бета-блокаторлар қабылдауға қарсы көрсеткіштер болған жағдайда 
баламалы ДЗ ретінде кальций антагонистерін тағайындайды: 
Верапамил ішке 40—80 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС 
себебін шектегенге дейін)
немесе 
Дилтиазем ішке 60—180 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт (немесе ҚҮЭС 
себебін шектегенге дейін). 
Кейбір жағдайда антиаритмиялық IA, IC топ препаратарын 
тағайындайды 
(соңғысының жиі болатын жағымсыз әсері бар): 
Дизопирамид ішке 100—300 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Прокаинамид ішке 250—500 мг 3—4 р/тәу (жалпы мөлшері 50 


239 
мг/кг/тәу дейін), ұзақ уақыт 
немесе 
Хинидин глюконат ішке 324—648 мг 3 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Хинидин сульфат ішке 200—300 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Этацизин ішке 50 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Этмозин ішке 200 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
Қарыншалық ЭС емі 
ҚЭС 
клиникалық 
белгілері 
көрінбеген 
жағдайда 
антиаритмиялық препараттар қажет емес. Мақсатты түрде ішімдік 
ішуден, темекі тартудан, кофені көп мөлшерде ішуден бас тарқан 
дұрыс.
Жүректің органикалық патолгиясы жоқ науқастарда ҚЭС 
әсерінен жағдайы нашарласа антиаритмиялық IA және IC топ 
дәрілерін тағайындайды (жағымсыз әсерінің дамуына байланысты 
қатаң түрде ЭКГ жасап жүргізіледі): 
Дизопирамид ішке 100—300 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Прокаинамид ішке 250—500 мг 3—4 р/тәу (жалпы мөлшері 50 
мг/кг/тәу дейін), ұзақ уақыт 
немесе 
Пропафенон ішке 150—300 мг 3 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Хинидин глюконат ішке 324—648 мг 3 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Хинидин сульфат ішке 200—300 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Этацизин ішке 50 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Этмозин ішке 200 мг 3—4 р/тәу, ұзақ уақыт. 
Егер 
миокардтың 
органикалық 
зақымдалуы 
(МИ, 
кардиомиопатия және т.б.) болса, антиаритмиялық IA және IC топ 
дәрілерін науқастардың бұл топ санатына өмір сүру сапасын 
төмендеткендіктен тағайындамайды.


240 
Жүрек ауруымен ауртын науқастарда ең алдымен негізгі 
ауруды емдеп, гипокалиемия, гипомагниемияны, гликозидты 
интоксикацияны түзетіп, ҚЭС төмендетпесе де науқаста жүректің 
систолалық қызметінің бұзылуымен жүреттін ЖТ мен ФЖ дамуы 
каупін төмендететін бета-блокаторларды тағайындау керек.
ҚЭС жоғарғы градация кезінде қосымша тағайындайды: 
Лидокаин к/т 1 мг/кг, сосын 0,5 мг/кг нан әр 3—5 мин сайын керек
әсер алғанға дейін немесе жалпы мөлшері 3 мг/кг дейін, 
үздіксіз инфузияны 2—4 мг/мин жылдамдықпен (20—50 
мкг/кг/мин)
немесе 
Фенитоин к/т 250 мг 10 мин ішінде, сосын 100 мг әр 5 мин сайын 
(керек болса жалпы 1000 мг мөлшеріне дейін). 
Амиодарон ғана ҚЭС бәсеңдетіп, ИМ және басқа да жүрек 
бұлшық етінің органикалық бұзылысы бар науқастардың өмір сүрі 
сапасын жақсартады.
Жүректің органикалық патолгиясы бар науқастарда ҚЭС 
жоғарғы градациясы (B.Lown бойынша III—V градация) кезінде: 
Амиодарон ішке 200 мг 3 р/тәу (1-аптасы); 200 мг 2 р/тәу (2-
аптасы). 
Емдеу ЭКГ (2—3 тәу 1 рет) бақылауымен жүргізіледі. 
Амиодаронмен қаныққан соң (V5 мен V6 тіркемелерінде Q—T 
интервалының ұзаруы, Т тісшесінің кеңеюі мен қалыңдайды) ұстап 
тұрушы мөлшерін тағайындайды: 
Амиодарон ішке 200 мг 1 р/тәу, ұзақ уақыт (3-аптасынан бастап). 
Ұстап тұрушы
мөлшерін жекеше анықтайды. Емдеуді ЭКГ 
бақылауымен жүргізеді ( 4—6 аптада 1 рет). Егер Q—T 
интервалының ұзақтығы бастапқы сатысынан 25% ұзарса, 500 мс
дейін жақындаса, онда препаратты қабылдауға үзіліс жасап, келесі 
қабылдағанда ең аз мөлшерінен бастау керек (100 мг 1 р/тәу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет