Этиология және патогенез
МИ даму себептері:
Басым жағдайда – атеросклеротикалық түйінге қан құйылу
немесе оның біртұтастығының бұзылысы, кейін сол аймақта
фибринге бай окклюзиялық тромб түзіледі;
тәждік артериялардың ұзақ уақытты қысылуы (түйілуі);
тәждік артериялардың бойымен қанның ағылып келуінің
миокардттың оттегіге өскен қажеттілігіне сәйкессіздігі.
Некроз аймағының өлшемдері қалай анықталады:
тәждік арнаның зақымдалу деңгейімен;
тәждік артерияның окклюзиясының тұрақтылығымен және
ұзақтығымен;
коронарлық
тамырлар
жүйесіндегі
коллатеральдық
байланыстардың жағдайымен;
тәждік тамырлардың қосарланған қысылуымен;
жүрек бұлшық етінде микроайналымның бұзылуының дәрежесі
мен көлеміне байланысты.
Диагностикалық өлшемдер
Клиникалық белгілер
Әдеттегі жағдайда МИ мойынға, төменгі жаққа, сол қолға
берілуі мүмкін, нитроглицеринді екінші ретті қабылдауға көнбейтін
төс артындағы сипатты ұзақ уақытты ауырсыну ұстамасынан
басталады (statusanginosus). Диагностикалық қиындықтар көбіне
аурудың атипті немесе жасырын ағымында туындайды. Бұл
жағдайда әдетте тән statusanginosus-тың орнына эпигастральдық
аймақта ауырсыну (statusgastralgicus), ентігу немесе тұншығу
ұстамасы пайда болуы мүмкін (statusasthmaticus). Аурудың алғашқы
212
белгілері ретінде жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары, ес жоғалту
және т.б белгілер көрінуі мүмкін.
Тәждік артерияның окклюзиясы кезінде жүрек бұлшық етінде
орын алатын патологиялық өзгерістерге сәйкес клиникалық
көріністерде төрт кезеңді ажыратады.
Өте жедел кезең
— ауырсыну ұстамасының басталуынан
некроз ошағының түзілуіне дейін (аурудың алғаш 4—5 сағаты). Бұл
ең қауіпті кезең, өйткені бұл кезде жиі жағдайда ауыр асқыныстар
(кардиогенді шок, өкпе ісінуі, ырғақ пен өткізгіштік бұзылыстары,
қарыншалар дірілі) пайда болады.
Жедел кезең – некроз ошағының түзілуінің аяқталуына сәйкес
келеді (аурудың алғаш 3 тәулігі). Бұл кезеңде жедел жүрек
жеткіліксіздігі, қарыншалар дірілімен ырғақ пен өткізгіштіктің ауыр
бұзылуларының
пайда
болу
қаупі
әлі
де
сақталған.
Тромбоэмболиялық асқыныстардың, жүрек бұлшық етінің
жыртылып кетуі, перикардиттің, Дресслер синдромының даму қаупі
пайда болады.
Жеделдеу кезең
тыртықтың түзілу кезеңіне сәйкес келеді және
ауру басталғаннан 14-20 –ыншы тәулігіне дейін жалғасады. Бұл
кезеңнің ұзақтығы жүрек бұлшық етінің зақымдалу сипатымен және
де қосарланған асқыныстармен анықталады.
Инфаркттан кейінгі кезең –
толық тыртықтану және тыртық
нығаюы,
жүректің
бұзылған
қызметтерінің
және
оның
компенсаторлы мүмкіндіктерінің қайта қалпына келу уақыты.
Әдетте 14-30 тәуліктерге сәйкес келеді. Берілген кезеңнің ұзақтығы
МИ өлшеміне және ауру ағымының сипатына тәуелді.
Асқыныстардың даму жиілігі (ЖЖ, жүрек аневризмасының
қалыптасуын, Дресслер синдромын қосқанда) жоғары емес.
Клиникалық көріністері мен миокардтың жедел ишемиясы
арасындағы байланысты негіздеу мақсатында, миокард некрозын
анықтау, оның өлшемдерін және орналасуын белгілеу үшін келесі
диагностикалық әдістер қолданады:
ЭКГ аз дегенде 12 бекітпеде (пациент келген мезеттен неғұрлым
ерте жасалып және ұзақ мерзім бойы қайталап бағалану керек);
миокард некрозының қандағы маркерлердің деңгейін
(миоглобин, жалпы креатинифосфокиназа (КФК), оның МВ-
фракциясы, жүректік тропонин Т және І) бір рет немесе қайталап
анықтау;
213
99
Тс белгіленген пирофосфат көмегімен радионуклидті әдісті
қолданып миокард некрозы ошағын визуализациялау.
Миокард некрозының (инфаркттың) бар болуы аурудың
симптомдары жиынтығымен ЭКГ-да патологиялық Q тісшелерінің
пайда болуы және/немесе қанда МИ маркерлерінің жоғарылауымен
негізделеді.
Қанда МИ маркерлерінің деңгейінің диагностикалық маңызды
өзгерістеріне мыналар жатады:
Т және І жүректік тропониннің деңгейінің жоғарылауы, ауру
басталғаннан соң алғашқы тәуліктерінде (егер бірінші анықтауда
жүректік тропонин деңгейі жоғарыламаған болса, талдауды 6 сағ
кем емес уақыт өткеннен соң қайталау керек);
бірінен соң бірі бірнеше сағаттық аралықта жасалған анықтауда
қанда КФК МВ фракциясы деңгейі қалыпты жағдайдың жоғары
шегінен асып кетуі немесе аурудың алғашқы сағаттарында
көрсеткіштің қалыптағының жоғары шегінен 2 есе асуы;
қанда жалпы КФК қалыпты деңгейінің 2 есе және одан да көп
шамада жоғарылауы (берілген зерттеуді жүректік тропониндерді
немесе КФК МВ фракциясын анықтау мүмкін емес жағдайда
жасалады)
МИ кезінде келесі аспаптық және зертханалық зерттеулерді
қолданады:
эхокардиография (ЭхоКГ);
кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы;
монитор арқылы жүрек ырғағын, ST сегменттерінің ығысу
шамасын бақылау (мүмкін болса ең азы алғашқы 24 сағат);
Холтер бойынша ЭКГ мониторлау (қажет жағдайда);
миокард реваскуляризациясына ұласуы мүмкін коронарлық
ангиография (қажет жағдайда);
орталық гемодинамика көрсеткіштерін инвазивті бағалау және
электрофизиологиялық зерттеу (қажет жағдайда);
гемоглобин, гематокрит, ЭТЖ, қан лейкоциттерінің құрамын
(лейкоцитарлық формуланы есептеумен), тромбоциттер, калий,
креатинин деңгейлерін анықтау;
артериалдық қанның оттегіге қанығуын (жедел ЖЖ кезінде),
қанның қышқыл-негізді жағдайын бақылау (кардиогенді шокта);
214
физикалық жүктеме сынамалары (велоэргометрия, тредмил)
немесе фармакологиялық жүктемелі тесттер (инфарктан кейінгі
кезеңде болашақ ем тәсілін анықтау мақсатында қолданады).
Достарыңызбен бөлісу: |