Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет109/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 Тұрақсыз стенокардия 

Тұрақсыз стенокардия (ТС) —миокард инфарктына жиі алып 


келетін және тыныштық стенокардиясының ұстамаларының пайда 
болуы немесе өршуімен сипатталатын, ұзақтығы мен күшінің 
жоғарылауымен, 
нитроглицеринді 
пайдаланғаннан 
кейін
басылмайтын ауырсынулардың пайда болуымен сипатталатын 
патологиялық жағдай. Негізінен ТС жүректің ишемиялық ауруының 
өршуін және асқыныстардың дамуының жоғарғы қаупінің пайда 
болуымен сипатталады. 
Аурудың ерте кезеңінде ЭКГ-дағы өзгерістерге негізделіп ЖИА 
немесе ЖКС екі клиникалық нұсқасы болуы мүмкін: 

ST сегментінің жоғарылауы немесе Гис шоғырының сол жақ 
аяқшасының блокадасымен жүретін ЖКС ; 

Клиникалық симптомдар ST сегментінің төмендеуімен, теріс Т 
тісшесі, жалған қалыпты Т тісшесі немесе ишемиялық ошақ ЭКГ 
жоғалады. 
Бұндай жіктеудің тәжірибедегі маңызы зор, себебі клиникалық 
көріністің айқындылығына дейін емдеу тәсілін анықтауға 
көмектеседі.
ЖКС ST сегментінің жоғарлауынсыз ТС және МИ (ST 
сегментінің жоғарлауынсыз МИ) кейбір түрлері жатады. ЖИА 
өршудің бұл түрінің жалпы патогенезі бар (олардың даму негізінде 
жарылған атеросклерозды түйіндік орнында окклюзирленбеген 
тромбтың болуы) және тромб өлшемдерін шектеуге бағытталған 
кірісулерді жүргізуді қажет етеді. 
Патологиялық Q тісшесінің түзілуінсіз (Q тісшесіз МИ) және 
ТС-дан қанда миокард некрозы маркерлерінің деңгейінің 
жоғарлауымен ерекшелінетін ST сегментінің жоғарлауынсыз МИ — 
жиі ұсақ ошақты МИ жатады. Бұл бөлімде ЖИА науқасты жүргізу 
сипатталады. ЖИА ST сегментінің жоғарлауы «Миокард инфаркты» 
бөлімінде жазылған.
Диагностикалық өлшемдері
Миокард ишемиясының типті көрінісі стенокардия болып 
табылады — сол жақ қолға, мойынға, төменгі жаққа берілетін кеуде 
қуысының қысып ауырсынуы.
Ауырсынудан басқа миокард ишемиясында жедел ЖЖ, 


203 
митральдық регургитация, жүрек аритмиясы және блокада 
көріністері болуы мүмкін. 25—40 жастағы және 75 жастан жоғары 
науқастар қант дибетімен ауыратындарда және әйелдерде атипті 
симптомдар сирек кездеседі.: 

эпигастральдық аймақтағы ауырсыну; 

сұқпа тәрізді ауырсыну

клиникалық көрінісі плевра зақымына ұқсас,

ентігудің күшеюі;

әлсіздік; 

естен тану;

ас қорытудың жедел бұзылуы.
ЖКС диагнозы науқастың шағымына байланысты қойылады 
ЖИА-ның ұзақтығы мен асқынуын анықтауға мүмкіндік береді. 
Келесі зерттеулер ЖКС патогенезінде маңызды орын алатын 
қолайсыз және аурудың даму қаупі себептерін анықтауға мүмкіндік 
береді.

Сыртартпа жинау. 

Физикалдық зерттеу (термометрияны қосқанда). 

Зертханалық зерттеулер: 
— Жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, лейкоцит, 
тромбоцит құрамы); 
— Қанның биохимиялық талдауы (калий мөлшері, бауыр 
және бүйрек қызметін бағалау)
— Стационарға түскен кезде қаннан жүрек тропонин Т немесе 
I, МВ-фракциясын КФК деңгейін анықтау.; қалыпты 
қорытындысын алғаннан кейін берілген көрсеткіштерді 6—12
сағаттан кейін қайтадан анықтайды. 
Аспаптық зерттеу: 
— ЭКГ 12 жалпы қабылдау тіркемелерінде; 
— ST сегменттінің ығысу дәрежесін көптеген тіркемелерден
және жүрек ырғығын мониторинг арқылы бақылау (мүмкіндігінше 
—ЭКГ тіркеуді жиі қайталап тұру); 
Холтер бойынша ЭКГ мониторингі
— кеуде қуысының рентгенографиясы; 
— эхокардиография (миокард ишемиясының ұстамасы кезінде 
немесе болмаған жағдайда); 
— коронарлық ангиография (ерте кезеңдерде қолайсыз ақыры 
даму қаупі бар науқастарда, қайта орын алған миокард ишемиясы 
немесе фармакологиялық немесе физикалық жүктеме кезінде 


204 
миокардтың әжептәуір ишемиясында); 
— физикалық жүктемемен сынамалар (велоэргометрия, 
тредмил) немесе клиникалық көріністі тұрақтандырғаннан кейінгі
фармакологиялық жүктемелік тесттер. 
ЭКГ — ЖКС кезіндегі басты зерттеу диагностикасы
Қосымша диагностикалық мәлімет алу үшін мақсатқа сай: 
Клинкалық симптомдар көрінген уақытында немесе оның 
жоғалуында да ЭКГ тіркемесін жасау ( алынған мәліметті 
салыстырады); 

ЖИА-ның асқыну уақытында жасалған және осыған дейінгі 
мәліметтерге (әсіресе, сыртартпада СҚ гипертрофиясы, ЖИА 
тәрізді көрсеткіштер көрінсе) ЭКГ нәтижелерін салыстыруға талдау 
жасау.
ЭКГ өзгерістерін интерпретациялау: 

Миокард ишемиясына тән—ST сегментінің төмендеуі > 0,1 мВ 
немесе тісшелердің инверсиясы Т > 0,1 мВ екіден кем емес қатар 
тіркемелерде (соңғы белгісі аз ерекшелігі )

Аз ақпаратты (арнайы емес) — ST сегменттінің ығысуы, Т 
тісшесінің өзгерісі < 0,1 мВ. 
Жүрек тропониндерінің жоғарғы мөлшері миокардта некроз 
(инфаркт) болуын ғана көрсетпейді, сонымен қатар ТКА маркеры 
болып табылады. Жүрек тропониндерін емес, МВ-фракциясы КФК 
мөлшерін қаннан анықтау диагностика нақтылығын төмендетеді, 
сол себептен ақыр соңы жағымсыз аяқталу даму қаупі жоғары 
болатын белсенді ем қабылдауға мәжбүр 1/3 шамасындағы 
науқастарда анықтай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет