198
ААФИ сол жақ қарынша қызметінің бұзыылуы, (лақтыру
фракциясы < 40%), ЖЖ, СБА, диабет, гипертензия кезінде
тағайындалады (ACP/ACCF/AHA, 2012).
ААФИ-ын
тұрақты стенокардия
кезіндегі нәтижелілігі
қосымша зерттеулермен (QUIET, PEACE, CAMELOT)
дәлелденбеген, сондықтан бұл топтағы дәрілердің жағымсыз
әсерлерін ескерген жөн. ААФИ–ын көтере алмаған жағдайда
ангиотензин II рецепторларының блокаторларын тағайындайды.
Антитромботикалық ем
ЖИА-ның
ең ауыр асқыныстарының
бірі болып табылатын
тәждік тамырлардың тромбозымен көрінетін жедел коронарлық
синдром дамуы-тұрақсыз стнокардия немесе МИ. Осы жағдайдың
алдын–алу үшін созылмалы ЖИА бар науқастарды (симптомды
немесе симптомсыз) ешқандай
қарсы көрсеткіші жоқ болса, онда
ацетилсалицил қышқылын қолдану ұсынылады:
Ацетилсалицил қышқылы ішке 75—150 мг 1 р/тәул,
айқындалмаған ұзаққа.
Аспириннің ең аз мөлшерін тағайындау гастроинтестинальдық
асқыныстардың қауіпін төмендетеді. Аспиринді магний оксидімен
(кардиомагнил) бірге тағайындамайды. Егер ацетилсалицил
қышқылына
кері көрсеткіш болса, (қабылдай алмау) онда
клопидогрел тағайындау ұсынылады.:
Клопидогрел ішке 75 мг 1 р/тәул,
немесе
Тикагрелор 90 мг 2 рет.
Достарыңызбен бөлісу: