Нитраттар және нитрат тәрізді ДЗ
Нитраттар өмір сапасын жақсартып, жедел миокард
ишемиясының асқынуының алдын-алады. Дәрілік түрілерінің
көптігі нитраттардың артықшылығы болып табылады. Бұл жағдай
аурудың әртүрлі дәрежесіндегі науқастарға нитраттарды ауруды
басу үшін, сонымен қатар, стенокардия ұстамаларын алдын-алу
үшін қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ нитраттарды қолдануда
бірқатар ерекшеліктер бар:
Емнің бастапқы кезінде монотерапия ретінде қолдану;
Дәріні қабылдай алу мен тиімділігін ескере отырып ДЗ жеке
таңдау;
Әрбір жеке науқасқа арнайы оңтайлы мөлшер таңдау;
Нитраттардың
оңтайлы
мөлшерінің
тиімділігінің
193
жеткіліксіздігінде біріктірілген емге көшу қажеттігі пайда болады.
Молсидомин антиангинальды механизмі бойынша нитраттарға
жақын және тиімділігі бойынша олардан артықшылығы жоқ дәрілік
зат. Әдетте молсидоминді нитраттарды қолдануға қарсы көрсеткіші
(глаукомасы) бар науқастарға, нитраттарды қабылдай алмау кезінде
(бастың қатты ауырсынуы) немесе оларға толеранттылық болған
кезде тағайындайды. Молсидомин басқа антигипертензивті ДЗ
әсіресе, бірінші кезекте β-блокаторлармен жақсы үйлеседі.
Стенокардия ұстамасын басу.
Нитраттар және нитрат тәрізді ДЗ стенокардия ұстамасын
басуға арналған жалғыз ДЗ тобына жатады.
Осы мақсатта қалыпты жағдайда қысқа әсерлі НГ-нді тіласты
және аэрозольдық дәрілік түрін қолданады:
Нитроглицерин тіласты 0,3—0,6 мг (1 табл) немесе 1—2 тамшы 1%
спирттік ерітіндіге (тағыда қант түйіршігіне тамызып, ауызда
сіңіртуге болады) немесе ішке 1 қаптамада (құрамында 0,5
немесе 1 мг 1% майлы ерітінді) немесе ингаляция түрінде 0,2 мг
(қақпақты екі рет басу).
НГ таблеткасын немесе оның ингаляциясын қабыладаған соң
әсері 1,5-2 мин кейін басталады және барынша жоғары әсері 5-7
мин дейін жетеді.
Сонымен қатар НГ-ды буккальдық дәрілік түрін да қолданады.
Нитроглицерин 1 немесе 2мг полимерлі қабықшасын ауыздың
шырышты қабатына жабыстырады.
Ауыздың шырышты қабатында НГ-мен жабыстырылған
қабықша әсері 2 мин кейін басталады және 3-4сағатқа созылады.
Сонымен қатар стенокардия ұстамасын басу үшін изосорбид
динитратты ингаляционды түрде қолданады:
Изосорбид динитрат ингаляция түрінде 1,25 мг (қақпақты екі рет
басу).
Оның әсері баяу басталады (бастапқыда-2-3мин кейін, барынша
жоғары 10-мин соң ) бірақ бұл « ұрлап алу» құбылысын
тудырмайды, ЖЖЖ-не аз әсер етеді, сирек жағдайда бас ауруын,
бас айналуын, жүрек айнуды шақырады және аз дәрежеде АҚҚ
194
деңгейіне әсер етеді. Изосорбид динитратты тіласты қабылдағанда
әсері 1cағат бойына сақталады.
Баламалы ДЗ болып молсидомин (2 мг, бастапқы әсері 2—10
мин кейін, 5 сағ дейін созылады).
Стенокардия ұстамасын ескерту
ДЗ-тың жеткілікті концентрациясын қанда ұзақ ұстау қажет.
Бұл үшін микроқабықшаға ұзақ әсері бар НГ дәрілік түрін, әдетте
таңдау препараттары болып изосорбид динитрат немесе изосорбид
мононитраты қолданылады:
Нитроглицерин ішке 2,5—2,6 мг, 3—4 табл 4—6 р/тәул; 5,4—6,5 мг,
2—3 табл 3—4 р/тәул
немесе
Изосорбид динитрат ішке 5—40 мг 4 р/тәул
немесе
Изосорбид динитрат ұзартылған әсерлі ішке 20—120 мг
2—3 р/тәул
немесе
Изосорбид мононитрат ішке 10—40 мг 2 р/тәул
немесе
Изосорбид мононитрат ұзартылған әсерлі ішке 40—240 мг 1
р/тәул.
Баламалы ДЗ молсидомин болып табылады:
Молсидомин 2 мг 3 р/тәул
немесе
Молсидомин ұзақ әсерлі 4 мг 2 р/тәул; 8 мг 1 р/тәул.
Дәрілік заттарды тамыр ішілік енгізу жолын (инфузиялық) тек
аурудың асқынуы кезінде ғана қолдану керек.
Трансдермальдық
дәрілік
түрін
немесе
әсіресе
пролонгирленген әсері бар ДЗ-ды ұзақ қолданғанда нитраттарға
толеранттылық дамуы мүмкін (сезімталдығының төмендеуі).
Толеранттылық жеке қасиетке ие және барлық науқастарда дами
бермейді. Бұл ишемияға қарсы әсердің төмендеуінен болмаса оның
толықтай жойылуынан пайда болуы мүмкін.
195
Нитратқа толеранттылықтың алдын-алу және оны болдырмау
үшін мына талаптар ұсынылады:
Мөлшерін көбейту;
ДЗ-ты 3-5 тәулікке шектеу;
8-12 cағатты қамтитын тәулік бойы үзіліспен нитраттарды
қабылдау (тәжірибелік тұрғыдан қарағанда біршама әсерлі);
Тек болатын жүктеме алдында ғана қысқа әсерлі нитраттарды
қабылдау қажет;
ДЗ қабылдаудың орташа ұзақтығы — 2 р/тәул, ұзақ әсерлі —
1 р/тәул;
Молсидоминмен баламалы терапия.
Достарыңызбен бөлісу: |