187
Диагностикалық өлшемдері
Стенокардия – кеуде қуысының, төменгі жақтың, иықтың, арқа
мен қолдың жайсыздығымен көрініс беретін; физикалық жүктеме
немесе эмоционалдық күйзелу аурудың болуына жағдай жасайтын
және тыныштық қалып пен нитроглицерин
қабылдауынан кейін
басылатын клиникалық симптом (ESC, 2006).
Кеуде артындағы
ауырсынулар ұзақ емес – 1 - 15 мин. Типтік СК қатар атипті СК
көріністері де кездеседі (12-кесте).
12 - кесте. Кеуде қуысындағы ауырсынулардың клиникалық
жіктемесі (ACC/AHA, 2002)
Кеуде қуысындағы ауырсыну
Сипаттамасы
Типтік стенокардия
Ұзақтығы мен сипаты бойынша
типтік
кеуде
артындағы
ауырсынулар,
физикалық
ауырсынулар немесе эмоционалдық
күйзелу кезінде пайда болады,
тыныштық
қалыпта
немесе
нитроглицерин қабылдауынан кейін
басылады
Атиптік стенокардия
Жоғарыда аталған белгілердің екеуі
Ангинозды емес ауырсыну
Жоғарыда аталған белгілердің біреуі
немесе ешқайсысы болмайды
ЖИА пайда болуы ауырсынулардың клиникасы, сонымен қатар,
басқа да себептерға байланысты: жасы, жынысы, дислипидемия,
семіру, диабет, шылым шегу, артериалдық гипертензия.
Диагноз қою үшін аурудың
клиникалық көрінісін ғана емес,
сонымен
қатар,
тәждік
қанайналымның
жағдайы,
оның
бұзылысының механизмі мен компенсаторлы мүмкіншіліктері
жайлы деректер беретін аспаптық және зертханалық зерттеу
нәтижелерін білу қажет.
Аспаптық және зертханалық зерттеулер:
ЭКГ;
Холтер бойынша ЭКГ мониторингі;
физикалық күштемемен сынамалар (велоэргометрия, тредмил)
немесе ЭКГ бақылауымен фармакологиялық күштемелік тесттер
(добутамин, дипиридамол дәрілік заттарын пайдалану арқылы),
радионуклидті әдістер, эхокардиография (ЭхоКГ);
188
ЭхоКГ миокардтың жиырылу қызметін және гипертрофия
айқындылығын анықтау,
сонымен қатар, жүректің қақпақшалық
аппаратының жағдайын бағалауға арналған;
Иық артериясындағы қанайналымды эндотелий қызметін
бағалау үшін реактивті гиперемиялық сынамаға арналған
ультрадыбыстық зерттеу;
Атеросклероз айқындылығын анықтауға арналған тамырішілік
УДЗ;
Тәждік қантамырлардағы морфологиялық өзгерістердің
дәрежесін және орналасуын бағалайтын
коронарлы ангиография,
магнитті-резонансты ангиография;
Миокардтағы
адренорецепторлардың
құрамын
талдау
(радионуклидті әдіс);
лимфоциттардағы β
1
-рецепторлар құрамын талдау;
қандағы эндотелин деңгейін анықтау;
жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит деңгейі,
эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер құрамы);
қанның биохимиялық талдауы: бүйрек, бауыр қызметін, ақуыз
құрамын,
гомоцистеин
деңгейін,
жалпы
холестериннің,
холестериннің төменгі тығыздықты липопротеидті, холестериннің
жоғарғы тығыздықты липопротеидті, триацилглицеридті бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: