184
Емдеудің тиімділік көрсеткіші
11-кесте. Емдеудің тиімділік көрсеткіші және диагностика
мен емдеудің қауіпсіз әдістері
Мақсаты
Негізгі өлшемдері
Қысқа
уақытты
емдеуден
бастап
1-6
ай.
- систолалық және диастолалық АҚ 10% немесе одан
көпке төмендету немесе АҚ-ның мақсатты деңгейінде;
- гипертониялық криздің болмауы;
- өмір сүру сапасын сақтау немесе жақсарту;
- әр түрлі қауіп себептеріне әсер ету.
Орташа
уақытты
емнің > 6
айынан
- АҚ мақсатты деңгейіне жету;
-нысана-мүшелердің зақымдалуының болмауы немесе бар
асқыныстардың дамуының кері құбылысы;
- түрлендірілген қауіп себептерды жою.
Ұзақ
уақытты
- мақсатты деңгейде АҚ тұрақты ұстап тұру;
- нысана-мүшелердің зақымдалуының үдеуінің болмауы
- бар жүрек-тамыр асқыныстарын компенсациялау
Қателіктер мен негізсіз тағайындаулар
Клонидин, метилдопа сияқты орталыққа әсер ететін ДЗ–ды
баламалы ДЗ ретінде қабылдау ұсынылады, себебі жағымсыз
әсерлердің даму қаупі жоғары. Берілген ДЗ-ды аз мөлшерде басқа
ДЗ мен бірге қабылдаған жөн.
Тікелей
әсер
ететін
вазодилататорларды
(гидралазин,
миноксидил) ДЗ ретінде қолдану ұсынылмайды.
Нифедипинді тіл астына қабылдау ұсынылмайды, себебі ол АҚ
тез түсіріп, кейбір науқастарда миокард пен бас мидың ишемиясын
тудыруы мүмкін.
ДЗ-дың ұтымсыз біріктірілуіна жатады:
Кальций антагонисті + диуретик;
Кальций антагонисті + α-блокатор;
β-АБ + орталыққа әсер ететін препарат.
β-АБ пен ААФ ингибиторының қосындысына барабар
гипотензивті әсері айқын емес. Осы сызба тек қана жүрек
жеткіліксіздігінің іркілісті түрі бар науқастарға көрсетілген.
185
Жүктілік кезінде ААФ ингибиторы мен ангиотензина II
рецепторларының блокаторын қолдану ұсынылмайды, себебі олар
ұрыққа тератогенді әсер ету мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: