180
• Егде жастағы адамдарда жиі кездесетін қауіп себептері,
нысана-мүшелердің зақымдалуы мен жүрек-тамыр жүйесінің
қосымша ауруларын ескертіп, медикаментозды ем жүргізілу керек.
Ортостатикалық гипотензияның жоғарғы қаупі үшін
АҚ міндетті
түрде вертикальдық қалыпта өлшену керек.
• 80 жас және жоғары адамдарда гипотензивті емнің дәлелділігі
толық берілмеген. Бірақта 80 жасқа дейін тиімді және жақсы әсерлі
болған емді тоқтату дұрыс емес.
Қант диабетімен ауыратын науқастар
• Диабетпен ауыратын барлық науқастарға белсенді түрде
медикаментозды емес (мүмкін болса) емді ұсынған жөн; диабеттің
2-ші түрінде әсіресе, дене салмағын төмендету мен ас тұзын аз
қолдануына көңіл бөлген дұрыс.
• Мақсатты АҚ < 130/80 мм с.б. тең. Гипотензивті дәрілік емді
АҚ диапазоны қалыптыдан жоғары болғанда тағайындауға болады.
• АҚ түсіру үшін барлық тиімді
және жақсы көтере алатын
дәрілік заттар қолданылады. Жиі екі немесе одан көп
препараттардың біріктіруін тағайындауға тура келеді.
•
Мәліметтер
бойынша,
АҚ
түсіру
бүйректің
зақымдануларының үдеуіне қорғаныш әсер көрсетеді. Қосымша
қорғанышты ренин-ангиотензин жүйесінің блокадасы көрсетеді
(антиотензин
рецепторларының
блокаторы
немесе
ААФ
ингибиторы).
• Біріктірілген емнің сызбасына, міндетті түрде ренин-
ангиотензин жүйесінің
блокаторын қосады; бұл препараттар
жеткілікті болғанда, монотерапия ретінде қолданылады.
• Микроальбуминурия болса, АҚ диапазоны қалыптан аздаған
жоғары болса да, гипотензивті терапияны қажет етеді.
Ренин-
ангиотензин жүйесінің блокаторлары зәрдегі ақуыздың пайда
болуына кедергі келтіріп, осы жағдайға сәйкес келеді.
•Емдеу тәсілін таңдаған кезде, жүрек-тамыр жүйесіне қауіп
төндіретін барлық себептер, сонын ішінде статиндерді тағайындау
ескерілу керек.
• Ортостатикалық гипотензияның
болуының жоғары қаупі бар
болғандықтан, АҚ-ны вертикальды қалыпта өлшеген жөн.
181
Бүйрек қызметі бұзылысы бар науқастар
• Бүйрек дисфункциясы мен бүйрек жеткіліксіздігі жүрек-
тамыр жүйесінің асқыныстарының болуының жоғары қаупімен
қосарланады.
•Бүйрек дисфункциясының үдеуінің алдын алуы екі бағытта
жүргізіледі:
а) қатал артериалдық қысымды бақылау (< 130/80 мм с.б. және
төмен протеинурии > 1 г/тәул);
б) қалыптыға жақын көрсеткіштерге дейін протеинурияны
азайту.
• Мақсатты АҚ жету үшін біріктірілген терапия керек, оның
ішінде бірнеше антигипертензивті препараттар (соның ішінде
ілмекті диуретиктер).
•
Протеинурияны
азайту
мақсатында
ангиотензин
рецепторларының блокаторы,
ААФ ингибиторы мен олардың
қосындысы тағайындалады.
• Афро-америкалықтарды санамағанда, АГ бар, қант диабеті
мен протеинуриясы жоқ науқастар ренин-ангиотензинді жүйенің
блокадасы нефросклероздың алдын-алуда көмектесетіні туралы
қарма-қайшы мәліметтер бар. Бірақта осы препараттардың біреуін
біріктірілген терапияға қосу, негізделген.
• Жүрек-тамыр асқыныстарының жоғары қаупінің себебінен,
бүйрек
зақымдалғанда, кешенді терапия өзекті мәселе болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: