183
•
Диастолалық
жүрек
жеткіліксіздігімен
сыртартпада
артериалдық
гипертензиясының
науқастарда
бірге
болуы,
жағымсыз болжамға ие. Бұл науқастарға қазіргі таңда жақсы
көмектесетін антигипертензивті препараттар жоқ.
Жүрекше фибрилляциясы бар науқастар (жыбыр аритмиясы)
• Артериалдық гипертензия — жүрекше
фибрилляциясының маңызды қауіп себебі болады. Жүрекше
фибрилляциясы
жүрек-қантамыр
ауруларының,
әсіресе
тромбоэмболиялық инсульттің және өлімнің қаупін жоғарлатады.
• Сол жақ қарынша салмағының жоғарлауы мен сол жақ
жүрекше
үлкеюі
жүрекше
фибрилляциясының
тәуелсіз
детерминанты болып табылады және қарқынды і гипотензивті
терапияны қажет етеді.
• Қан ұюға қарсы терапия негізінде миға және басқа мүшелерге
қан құйылудың алдын алу үшін артериалдық қан қысымды қатаң
бақылау керек.
• Ангиотензин рецепторларының блокаторымен ем қабылдаған
АГ бар науқастарда, жүрекше фибрилляциясының қайталануы
төмендеген.
• Жүрекше фибрилляциясының тұрақты түрінде қарыншалық
ырғақты
бақылауға
бета-блокаторлар
мен
кальцийдің
дигидропиридинді емес антагонистері (верапамил, дилтиазем)
көмектеседі.
Жүктілер
Осы топтағы науқастарда таңдау препараты метилдопа болып
табылады: Метилдопа ішке 250 мг 1 р/тәул, әр 2 күнде мөлшерін
250мг дейін жоғарлатуы мүмкін, барынша жоғары мөлшері 2 г 2—3
р/тәул.
Көрсеткіштер бойынша β-АБ, лабеталол, верапамилды
қолдануы мүмкін.
АҚ тез түсіру үшін (преэклампсия) нифедипин, лабетатол,
гидралазин, магний сульфаты көрсетілген.
Қарсы көрсетілгендері: ААФ ингибиторлары, ангиотензина II
рецепторының блокаторлары (тератогенді әсер береді).
Достарыңызбен бөлісу: