Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет107/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Антиатеросклероздық ем 
 
Тамыр қабырғасындағы атеросклероздық үрдісі - тамыр 
қабырғасының 
морфологиясының 
бұзылысына, 
метаболизм 
өзгерісіне, жасуша элементтерінің қызметіне байланысты дамиды. 
Атеросклероздық түйіннің құрылуы және динамикалық жағдайда 
үдеюі дәлелденген. Атеросклерозға әкелетін тамыр қабырғасындағы 
өзгерістерді қалпына келтіретін арнайы дәрілік заттар әзірге жоқ. 


199 
ЖИА кезінде қолданылатын ацетилсалицил қышқылының 
антитромботикалық әсерінен басқа қабынуға қарсы әсеріне де 
байланысты болу мүмкін. Атеросклероздық үрдістің дамуында 
гиперхолестеринемия мен көрінетін липидтік алмасулардың 
бұзылысы ең басты орынды алады. Қандағы ХС төмендеуі 
атеросклероз дамуын баяулатумен қатар керісінше оның қайта 
дамуына ықпал етуі мүмкін. Біршама гипохолестеринемиялық 
(гиполипидемиялық) әсері бар заттарға статиндер жатады, оны 
емдәммен бірге тағайындайды. Қан сарысуындағы ТТЛП ХС 
мөлшерін < 1,8 ммоль/л дейін төмендету ұсынылады (ESC, 2011; 
НОА, 2012). Қан сарысуындағы ТТЛП ХС мөлшерін > 50% 
төмендету мақсатында жаңа замауи америкалық ұсыныстар 
бойынша ЖИА бар науқастарға статинмен қарқынды ем жүргізеді
(аторвастатин 80 мг, розувастатин 20-40 мг) (ACC/AHA, 2013). 
Статиндер ЖИА бар 65–80 жастағы науқастар арасындағы өлім 
көрсеткішін төмендетеді екен. (HPS, PROSPER).
Коморбидті аурулар мен жағдайлар 

Жиі қосарланатын аурулар мен жағдайлардағы тұрақты ЖИА 


емдеу ерекшеліктері 13- кестеде көрсетілген. 
13 

кесте. Коморбидтік жағдайындағы ЖИА бар 
науқастардағы препараттарды таңдау
Ауру 
Тағайындауға қажет
препараттар 
Тағайындауға қажет 
емес препараттар
Артериалдық
гипотензия
Ранолазин, триметазидин,
ивабрадин, дезагреганттер,
реваскуляризация 
Бета–блокаторлар,
кальций антагонистері,
никорандил, нитраттар
Брадиаритмия 
Дигидропиридиндер,
нитраттар, 
никорандил, 
ранолазин, 
триметазидин, 
дезагреганттар, 
реваскуляризация, ЭКС
Бета–блокаторлар,
верапамил, дилтиазем,
ивабрадин
Бронх демікпесі,
ӨСОА
кальций антагонистері,
нитраттар, никорандил,
клопидогрел, 
ранолазин, 
тикагрелор, триметазидин,
Бета–блокаторлар,
аспирин (аспириндік 
астма), 
бета
2

агонисттер,


200 
ивабрадин
теофиллин 
Гастроэзеофагеальды 
рефлюкстік ауру 
Бета–блокаторлар, протонды 
сорғы 
ингибиторлары, 
ранолазин, триметазидин 
кальций антагонистері,
нитраттар, никорандил,
дезагреганттер (эрозия 
болған жағдайда) 
Гипотиреоз 
Дигидропиридиндер,
нитраттар, никорандил,
дезагреганттар 
Бета–блокаторлар, 
верапамил, дилтиазем, 
ивабрадин, 
жоғарғы 
мөлшерде қалқанша без 
гормондары
Менокідіріс
Лебімен 
Бета–блокаторлар,
Дезагреганттар 
Нифедипин, 
орынбасушы 
гормоналдық ем
Өтпелі ақсақтық
Кальций антагонистері 
нитраттар, никорандил,
дезагреганттар 
Бета–блокаторлар
пентоксифиллин
Жүрек 
жеткіліксіздігі
Бета–блокаторлар 
(метопроло сукцинаты,
карведилол, бисопролол),
ивабрадин, нитраттар
дезагреганттар 
Верапамил, дилтиазем,
статиндер**
Аорта 
қуысының 
ауыр тарылуы
Бета–блокаторлар, 
дезагреганттер, 
ранолазин, 
триметазидин, ақауды түзету
кальций антагонистері
нитраттар 
Жүрекше 
фибрилляциясы
Бета–блокаторлар, 
верапамил,
дилтиазем, 
соталол, 
дезагреганттар, 
варфарин, 
ривароксабан 
Пропафенон, хинидин,
дигоксин, ивабрадин,
дабигатран
Қан кету қауіпі бар
бауыр циррозы 
Пропранолол, надолол
изосорбид мононитраты 
Дезагреганттер 
ранолазин,
Статиндер 
* Жоғары қаупі бар, ИМ кейін науқастарда бета–блокаторлар 
(жоғары таңдамалылары) жүректің оқиғалардың даму қаупін 
төмендетеді.
** – созылмалы ЖЖ (II)III–IV ФТ кезінде статиндер тиімді 
емес (ESC, 2011, 2012; НОА, 2012).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет