Стенокардияның емі Тұрақты СК бар науқастарды емдеу медикаментозды
препараттар және инвазивті араласулармен қатар қауіп себептерін
бақылау шараларына негізделеді. Әдетте ем амбулаторлы түрде
өтеді, кей жағдайларда госпитализацияға көрсеткіш мыналар
болады:
анық емес диагноз (мысалы, ишемиялық емес торакалгиялар
болғанда),
медикаментозды терапияны таңдаудағы қиындықтар (мысалы
қосарланған патологияларда немесе аурудың жиі асқынуларында).
189
Коморбидтілік Науқас таңдауы 6 - сурет. Қаупіне байланысты ем таңдау (ESC, 2013)
Емнің мақсаты: симптомдарды басу, өмір сапасын жақсарту,
емнің жанама әсерінен дамитын аурудың асқыну жиілігін және
өлімді төмендету.
Тәж артерияларының морфологиялық өзгерістер сипаты мен
дәрежесіне байланысты ЖИА емдеуі консервативті және оперативті
(инвазивті араласулар) болады.
Консервативті терапия мынаған бағытталады:
Миокард ишемиясын шектеу (оттегі қажеттілігінің
төмендеуі мен жеткізілуінің жоғарылауы есебінен);
Тромбоэмболиялық асқынуларды алдын-алу;
Атеросклероз өршуінің алдын-алуы, қауіп себептерін
барынша жоғары түрде шектеу:
— дене салмағын реттеу;
— шылым шегуді тоқтату;
— АҚҚ тұрақтандыру;
— липид алмасу бұзылыстарын шектеу;
— нормогликемиялық жағдай;
— гормональдық бұзылыстарды реттеу.
Антиангинальдық терапия Миокард ишемиясынан арылу ЖИА ағымының барлық
түріларінде көрсетілген. Бұл үшін мына дәрілер қолданылады:
Қалыпты ЖИА Төмен қауіпті Орташа қауіпті Жоғары қауіпті Тиімді медикаментозды ем Рекваскулиризация
190
β-блокаторлар;
нитраттар және нитрат тәрізді ДЗ (молсидомин);
кальций антагонистері;
цитопротективті ДЗ (триметазидин).