Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет176/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Бақылау сұрақтары
1. Қашықтықтан оқыту анықтамасының мәнін ашыңыз.
2. Қашықтықтан оқытудың қандай әдістері бар?
3. Қашықтықтан оқыту құралдары мен нысандарын атаңыз.
4. Қашықтықтан оқытудың қандай артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар?
4.5 Төңкерілген оқыту
Төңкерілген оқыту
– бұл оқытудың инновациялық әдісі. Бұл 
әдістің дәстүрліден айырмашылығы – теориялық материалды сту-
денттер АКТ (бейне дәрістер, интерактивті материалдар, презента-
циялар) көмегімен университетте сабақ басталмай тұрып өз бетінше 
оқиды, ал жаңа сабаққа арналған босаған уақыт проблемаларды 
шешуге, ынтымақтастыққа, өзара әрекеттесуге, жаңа жағдайда білім 
мен дағдыларды қолдануға бағытталған. 
Төңкерілген оқыту технологиясының негізгі мақсаты
«Төңкерілген оқыту» технологиясын қолданудың басты мақсаты:
1. Әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру.
2. Білім алушылардың жеке қасиеттері мен жалпы мәдениетін да-
мыту.
3. Білім берудің құндылығын, ішкі мотивацияны және оқу үшін 
жауапкершілікті түсіну.
4. Әрбір білім алушының дамуын қолдау, 
21 ғасырда маңызды деп саналатын қасиеттер мен дағдыларды 
дамыту мүмкіндігі қамтамасыз ету. 21 ғасырдың маңызды қасиеттері 
мен дағдылары:
– белсенділік, бастамашылдық және дербестік;
– АКТ саласындағы сауаттылық;
– шығармашылық және жаңашылдық;
– сыни ойлау және проблемаларды шешу қабілеті;
– байланысқа бейімділік және ынтымақтастық;


312
 
 

– ақпараттық сауаттылық;
– икемділік және бейімделу қабілеті;
– өнімділік және еліктірушілік;
– көшбасшылық және жауапкершілік.
Төңкерілген оқытудың айрықша ерекшеліктері
Төңкерілген оқыту (төңкерілген сынып) – бұл білім алушылардың 
цифрлық құралдар мен интернет-ресурстарының көмегімен бейне-
сабақтарды тыңдау және қарау арқылы оқу процесін жүзеге асырудың 
заманауи технологиясы, олар сабақтан тыс уақытта қосымша ақпарат 
көздерін зерттейді, содан кейін бірге жаңа ұғымдар мен түрлі идея-
ларды талқылайды, ал оқытушы алған білімдерін іс жүзінде қолдануға 
көмектеседі.
Мұндай оқытуды ұйымдастыру студенттерді бір-бірінен үйренуге 
шақырады. Технологияны қолдану оларды белсенді оқу қызметіне 
тартуға бағытталған.
Төңкерілген сыныптың жаңалығы мен маңыздылығы білім 
алушылардың өз оқуы үшін жауапкершілігін арттыруға жәрдемдесу 
болып табылады.
«Төңкерісті» жүзеге асыру барысында студенттердің жеке 
қасиеттерінің (дербестік, жауапкершілік, белсенділік) қарқынды 
дамуы байқалады, Мета пәндік нәтижелер (өз қызметін жоспарлау, 
оны бақылау, түзету) және коммуникативтік дағдыларды (бірлескен 
өніммен жұмыс барысында сыныптастармен өзара әрекеттесу). Соны-
мен қатар, оқытушының рөлі де өзгереді – ол кеңесші, конструк-
тивист ретінде әрекет етеді, студенттерді тәуелсіз зерттеулер мен 
ынтымақтастыққа шақырады.
Төңкерілген сабақтың танымал түрлерінің қатарына жаттығулар, 
пікірталастар, жобаларды ұсыну жатады. Осылайша, «төңкеріс» жаңа 
тақырыпты шолумен танысудан оның бірлескен білім алу әрекеттері 
мен зерттеулеріне назар аударады. Оқытушы дайындаған бейне ресур-
старды қарау кезінде туындайтын сұрақтар танымдық іс-әрекеттің 
дамуына жақсы ынталандыру болады. Бірлесіп жұмыс жасай оты-
рып, студенттер цифрлық дидактикада өте маңызды болып табы-
латын басқа студенттердің жұмыс қарқынына немесе оқытушының 
нұсқауларына тәуелді болмай, бір-біріне еркін көмектесе алады.
Төңкерілген оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет