Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет174/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

нәтижелерді бақылау 
мониторингі
бұл технологияны пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. 
Ерекше қызығушылық тудырған тұстарына проблемалық сұрақтар 
жатады. Олар студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруға 
ықпал етеді. Мұндай сабақтарда жоғары белсенділік, саналы 
тәртіп байқалады. Мұның бәрі цифрлық дидактиканың маңызды 
міндеттерінің бірі болып табылатын жеке тұлғаны дамытуға ықпал 
етеді.
Бұл технология білім берудегі студенттің өміріндегі әртүрлі 
шектеулерді өтеуге арналған, және бұл оған еңбек нарығында тең 
дәрежеде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
1. Адаптивті/Бейімделген оқыту дегенімізді қалай түсінесіздер?
2. Адаптвті оқыту технологиясының кезеңдерін атаңыз.
3. Адаптивті оқыту жүйесігһнің артықшылықтары мен кемшілік-
теріне талдау жасаңыз.
4.4 Қашықтықтан оқыту 
Қашықтықтан оқыту – бұл оқытудың әдеттегі формаларынан 
біршама ерекшеленетін оқыту түрі. Қашықтықтан білім берудің 
дәстүрлі оқыту түрінен түбегейлі айырмашылығы болып оның түп 
негізінде оқыту, яғни білім алушының өзіндік танымдық іс-әрекеті
дәлірек айтқанда цифрлық дидактиканың негізгі қағидасы ретінде 
танылатын жетістік қағидасы жатыр.
Қашықтықтан білім беру (әрі қарай – ҚО) деп қашықтықтан оқу 
ақпараттарымен алмасу құралдарына (спутниктік теледидар, радио, 
компьютерлік байланыс және т.б.) негізделген мамандандырылған 


309
ақпараттық – білім беру ортасының көмегімен білім беру қызметтері-
нің кешені түсініледі. Ақпараттық-білім беру ортасы – деректерді беру 
құралдарының жүйелі түрде ұйымдастырылған ақпараттық ресур-
стар, өзара әрекеттесу хаттамалары, пайдаланушылардың саналы 
және интуитивті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған 
аппараттық-бағдарламалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік 
қамтамасыз ету жиынтығы.
Қашықтықтан білім беру жүйелі оқытуға да, ашық білімге де 
бағытталған болуы мүмкін.
Оқытушылар мен студенттердің жедел қарым-қатынасы 
қашықтықтан оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 
Мұндай қарым-қатынас кезінде студенттер оқытушылармен кеңесіп
олармен жобаларды, шешімдерді, бағаларды талқылай алады. Бұл 
сонымен қатар оқытушыларға материалды игеру барысын бақылауға 
және жеке тәсіл негізінде оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жоғары білім үшін ҚО жүйесінде ақпарат алмасу тәсілдерін 
пайдаланудың неғұрлым перспективалы бағыты жоғары оқу орын-
дары базасында ҚО жүйесінің элементтерін іске асыру болып табы-
лады. Бұл тәсіл мамандарды даярлау мәселелерін кешенді шешуге 
мүмкіндік береді, және болашақта мұндай жергілікті жүйелерді Ресей 
Федерациясының жалпы қашықтықтан оқыту жүйесіне біріктіруге 
болады. Данный подход позволяет комплексно решать вопросы под-
готовки специалистов, и в перспективе подобные локальные системы 
могут быть интегрированы в общую систему ДО РФ.
Қашықтықтан білім берудің дидактикалық ерекшеліктерінің келесі 
тізімін бөліп көрсетуге болады:
– дидактикалық үдерістің оқу заңдылықтарына сәйкестігі;
– теориялық білімнің жетекші рөлі;
оқыту процесінің білім беру, тәрбие және дамыту функциялары-
мен біркелкілігі;
– білім алушылардың оқуға деген оң көзқарасын ынталандыру 
және дамыту;
– ұжымдық оқу жұмысын оқытудағы жеке тәсілмен біріктіру;
– абстрактілі ойлаудың оқытудағы көрнекілікпен үйлесуі;
– оқытушының басшылық рөліндегі білім алушылардың санасы, 
белсенділігі және дербестігі;
– оқытудағы жүйелілік және бірізділік;
– қол жетімділік;
– оқыту мазмұнын меңгерудің беріктігі.


310
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет