Цифровая дидактика indd


 Жоғарғы мектептегі білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет184/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

5.4 Жоғарғы мектептегі білім мазмұны
Болашақ маманның жеке тұлғасын дамыту мен қалыптастырудың 
маңызды құралы ретінде оқуды сәтті жүзеге асыру үшін
 «нені оқыту 
керек, білім алушылар оқу үдерісінде нені игеруі керек»
екендігін Сіз 
жақсы түсінуіңіз керек. Бірақ оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталғандықтан және онымен органикалық байланысты болған-
дықтан, әрине, бұл жағдайда
білім алу үдерісінің мазмұны
туралы 
айту керек.


322
 
 

Бұл ұғым нені білдіреді? 
Білім алу үдерісінің мазмұның
аста-
рында не бар? Бұл сұрақтарға жауап беру барысында, ең алдымен, 
білім алушылардың ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін 
дамытуға ықпал ететін ғылыми білім жүйесі мен олармен байланы-
сты практикалық дағдыларды есте ұстаған жөн. Бірақ әр пәннің нақты 
материалы жеке тұлғаға үлкен формативті әсер ететін дүниетанымдық 
және моральдық-эстетикалық идеялар мен тұжырымдарды қамтиды. 
Әрине, бұл идеялар мен тұжырымдар білім беру мазмұнының 
маңызды бөлігі болып табылады.
Сол себептен, жалпы алғанда, 
білім алу үдерісінің мазмұны 
дегеніміз – білім алушылардың оқу үдерісінде игеруі қажет ғылыми 
білім, практикалық дағдылар, сондай-ақ дүниетанымдық және 
моральдық-эстетикалық идеялар жүйесі.
2010 жылы Қазақстанның Болон үдерісіее қосылуы жоғары білім 
беру жүйесінің кредиттік оқыту жүйесіне көшуіне және онымен бірге 
мамандарды көп деңгейлі даярлауға (бакалавр – магистр-доктор) 
әкелді.
Болон үдерісіне (еуропалық білім беру жүйесі) қатысушылардың 
тартымдылығының бірі – жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілет-
тілігі мен академиялық еркіндігі. «Қазақстан Республикасының кейбір 
заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және 
басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі № 171-VI 
Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жоғары оқу орындары 
келесі бағыттар бойынша Академиялық еркіндік алды:
1. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының (бұдан 
әрі-ББ) 80% қалыптастыруы өз бетінше және ЖОО әзірлеген 
ББ ҚР Білім беру бағдарламаларының тізіліміне тіркеледі және 
білім беру саласындағы құзыретті органдармен лицензиялана-
ды;
2. Академиялық адалдық. Білім алушылардың барлық жазба-
ша жұмыстарының алмасымы және өзіндік ерекшелігі үшін 
міндетті түрде тексеру – плагиатқа қарсы (антиплагиат);
3. Академиялық талап.
4. ЖОО түлектерін сертификаттау – сапаны қамтамасыз ету
бойынша жүйелі шаралардың бірі. Әлсіз түлектермен күресудің 
бір әдісі – тәуелсіз сертификаттау жүйесі.
5. Жұмыс берушілердің рейтингі. «Атамекен» ҰКП өткізетін 
жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 
рейтингі.


323
6. Жоғары оқу орындарының басқарушылық дербестігі. Министр-
ліктен жоғары оқу орындарына 16 құзыреттілік берілді.
7. Түлектердің жұмысқа орналасуы және білім беру қызметтерінің 
бәсекеге қабілеттілігі маңызды көрсеткіш болып табылады.
Жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларының 80%-
ын білім беру үдерісі субъектілерінің академиялық еркіндігін алу 
негізінде жоғары білім беру жүйесінде дербес қалыптастыруы білім 
алушылардың оқу траекториясын құруы үшін даярлық бағыттарында 
білім беру мазмұнын дербес айқындауды көздейді. Білім 
алушылардың оқу траекториясын оқу пәндерінің курстары құрайды. 
ЖОО оқытушылары әзірлеген оқу пәндерінің курстары трендтерді 
ескеруі керек. 5.1-кестені қараңыз.
5.1-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет