321
контенттерді әзірлеу және жаңарту бойынша қызметтерді оқыту
үшін жағдайлар жасау;
2) ҚБТ (форум, чат, бейне және аудио-конференциялар) бойын-
ша оқу үдерісіне қатысушылар арасында өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету);
3) білім алушылар мен тыңдаушылардың білім беру ұйымдары мен
әріптестердің электрондық ресурстарына, кітапханаларына қол
жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті;
4) білім алушыларды оқытудың цифрлық ізінің мониторингін
жүзеге асырады (онлайн және офлайн сабақтарға қатысу,
тапсырмалардың орындалуы, кері байланыс).
Оқу үдерісі білім беру бағдарламасына сәйкес әзірлеуші дай-
ындайтын цифрлық білім беру ресурстарымен (бұдан әрі – СББР)
сүйемелденуі тиіс. СББР құрылымы мен мазмұнын білім беру
ұйымдары дербес айқындайды.
Цифрлық технологияларды пайдалана отырып оқу үдерісі оқу
сабақтарын онлайн, офлайн режимінде және білім алушылардың
өзіндік жұмысын өткізу арқылы іске асырылады.
Онлайн
(On-line) режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технология-
ларды (вебинарлар, бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша
хабарламалармен алмасу, бұрын жазылған бейнедәрістер) қолдана
отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл үдерісін
көздейді.
Офлайн
(Off-line) режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім
алушының қарым-қатынасы асинхронды өтетін (білім алушыға оқу
материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта меңгеру және байланыс
құралдарын пайдалана отырып, педагогтармен қарым-қатынас жасау
мүмкіндігін қамтамасыз ету) оқу өзара іс-қимыл үдерісін көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: