324
пәндерді (бұдан әрі – БП) қамтиды, жоғары
оқу орны пәндерін және
таңдау компонентін қамтиды.
Ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖМБС, мысалы,
магистратурада базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін
қарастырады, жоғары оқу орны компонентінің (бұдан әрі – ЖОК)
және таңдау компонентінің (бұдан әрі – ТК) пәндерін қамтиды, ал
докторантурада білім беру компоненті білім беру бағдарламасының
жалпы көлемінің 30%-ын немесе 53 академиялық кредитті құрайды
және ЖОО компоненті
және таңдау компоненті, практика пәндерін
қамтитын базалық және бейіндеуші пәндер циклдерінен тұрады.
Білім беру мазмұнын, оқу үдерісін ұйымдастыру және өткізу
тәсілін жоспарлауды ЖОО дербес жүзеге асырады.
ЖОО даярлаудың үш деңгейі бойынша білім беру бағдарламаларын
әзірлеу процесінде базалық және бейімдеуіш пәндердің мазмұны дер-
бес айқындалады.
МЖМБС-да цифрландыруды дамыту мақсатында үлгілік мазмұнға
жалпы білім беру циклінің міндетті компонентіне кіретін «ақпараттық-
коммуникациялық технология» (ағылшын тілінде) пәні енгізілді. Бұл
пән оқу үдерісіне цифрлық дидактиканы одан әрі дамытудың бастапқы
шарты болып табылады.
IT құзыреттілігіне ие білім алушылар оқыту кезінде жаңа цифрлық
технологияларды оңай меңгере алады. Цифрлық технологиялар-
мен жұмыс істеу кезінде кәсіби дағдыларды игеру үшін білім беру
мазмұнына таңдау бойынша компоненттер
болып табылатын пәндер
енгізілуі мүмкін. Осы пәндердің мақсаты нақты кәсіби даярлықта
білім алушылардың IT құзыреттілігін жетілдіру болуы мүмкін.
Кәсіби білім беру мазмұны – бұл кәсіби қызметке дайындықты
қамтамасыз ететін білім, білік және дағды жүйесі.
Ол келесі нормативтік құжаттармен реттеледі:
– Мемлекеттік білім беру стандарты;
– Үлгілік оқу жоспары;
– Үлгілік оқу бағдарламалары;
– Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер;
– Элективті пәндер каталогы және жоғары оқу орны компоненті
пәндерінің мазмұны.
Жоғары оқу орындарына берілген дербестік шеңберінде МЖМБС-
дан төмен емес білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындау;
оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың цифрлық
құзыреттілігінде болды.
325
ЖОО педагогикалық бағыттағы жаңа білім беру бағдарламасын
әзірлеген кезде тиісті құзыреттілікті
қалыптастыратын білім беру
бағдарламасының оқу жоспарында цифрлық оқыту бойынша арнайы
модульді көздеу міндетті (1 модуль 10 кредиттен кем емес). 17-кестені
қараңыз.
Модуль
атауы
Пән
циклі
Пән
компо-
ненті
Пән коды
Пән атауы
Академия-
лық кредит-
тер
О
қу
дың
ци
фр
лық
т
ех
но
ло
ги
ял
ар
ы
базалық
пән
таңдау
компо-
ненті
DPMODLT
3200
«Білім беру
кеңістігіндегі
цифрлық педа-
гогика» және
«қашықтықтан
оқыту техно-
логиясын
ұйымдастыру
әдістемесі»
5 (2+3)
базалық
пән
ЖОК
STOSP
4300
Оқытудың
заманауи тех-
нологиялары
5
базалық
пән
ЖОК
PP 4200
Педагогикалық
практика
3
Барлығы:
13 кредит
Білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды ескеруі тиіс:
– әлемдік, ұлттық, ЖОО трендтері;
– өңірдің, елдің, әлемнің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;
– білім беру қызметтерін тұтынушылардың қажеттіліктері;
– кәсіби қызмет саласында цифрлық технологиялардың өсуі
мен дамуы: smart-технологиялар, нанотехнологиялар, үлкен
деректерді талдау және т.б.;
– аралас оқыту (дәстүрлі + қашықтықтан оқыту);
– IT және басқа салалардағы ғылым жетістіктері.
Кәсіби білім берудегі білімді, дағдыларды өзектендіру үшін
мазмұнды қалыптастыру кезінде келесі қағидаларды ұстану керек:
–
ғылыми мазмұны, білім мазмұнының қазіргі кезеңдегі осы
ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі;
326
– пәнішілік байланыстарды дамытуға негізделген дәйектілік және
кезеңділік принципі;
– сана мен белсенділік принципі – бұл өзін-өзі оқытудың
тиімділігі, білім алу, оқу мақсатын түсіну;
– көрнекілік және қолжетімділік қағидаттары қашықтықтан оқыту
жүйелерін, бейнеконференцияға арналған платформаларды және
т.б. таңдаумен қамтамасыз етіледі.
– off-line немесе on-line режимдерімен анықталған даралау және
ұжымдық принцип.
Содержание обучения должны рассматривать призмы трансфор-
мации традиционного учебного содержания в цифровую и променяем
цифровых технологияии; комбинированного
или смешанного обуче-
ния:
– дәстүрлі оқу сабақтары + цифрлық технологиялар;
– дәстүрлі оқу сабақтары + қашықтықтан білім беру технология-
лары.
Аралас оқу сабақтары электрондық білім беру ресурстарымен,
цифрлық технологиялармен дәстүрлі сабақ түрлерінің үйлесімінде
ұсынылады. Қашықтықтан оқыту сабақтары қашықтықтан білім алу
үшін түрлі желілік платформалар арқылы оқытуды көздейді.
Мазмұн келесі талаптарға сай болуы керек:
– білім беру мазмұнының білім беруді цифрландыру саласындағы
нормативтік құжаттарға сәйкестігі;
– елімізде және әлемде цифрлық технологияларды дамыту
міндеттеріне сәйкестігі;
– білім беру мазмұнының елімізде, әлемде цифрлық
технологиялардың қазіргі заманғы
дамуына және мобильді
өзгерістерге бағдарлануға сәйкестігі;
– дидактикалық модельдің сәйкестігі цифрлық білім алудағы
оқыту мазмұны, кәсіби қызметте цифрлық технологиялармен
жұмыс істеу дағдылары мен құзыреттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: