327
–
электрондық оқу құралдары;
– пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешендері;
– оқу мақсатындағы қосалқы электрондық құралдар (тренажерлер,
виртуалды зертханалар, цифрлық білім беру ресурстары);
– оқу мақсатындағы электрондық бақылау құралдары.
Электрондық оқулық басылымдарын күрделілігіне байланы-
сты адамдар тобы (бағдарламашы,
дизайнер, әдіскер) немесе IT
саласындағы құзыретті педагог әзірлейді. IT саласында құзыреттілігі
жоқ педагог тек оқу материалын өз бетінше сандандыру (сканерлей,
түрлендіре, суретке түсіре) және оқу
материалының бөлімдері ара-
сында сілтемелер жасай алады.
Электрондық оқулық басылымдарын әзірлеу кезеңдері:
– Техникалық тапсырманы дайындау;
– Педагогикалық сценарий (эскиздік жоба) әзірлеу;
– Жұмыс жобасын әзірлеу (бағдарламаны дайындау);
–
Апробация, эксперименттік тексеру және енгізу.
Педагогикалық сценарийдің даму кезеңдері:
– ЭОБ пайдалану мақсаттарын анықтау;
– ЭОБ құру тәсілін таңдау;
– ЭОБ құру үшін оқу материалдарын талдау және іріктеу;
– Оқу материалын рәсімдеу және құрылымдау;
– Педагогикалық сценарийді құрастыру
ЭКЖ пайдалану мақсаттарын анықтау:
– Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру;
– Оқу үрдісін басқару тиімділігін арттыру;
–
Оқытуды даралау;
– Оқу үдерісінің шығармашылық компоненттерін арттыру;
– Оқытудың көрнекілігін арттыру (объектілердің модельдік ұсы-
нымы, объектілер байланыстарының графикалық ұсынымы, үдерістер
мен құбылыстардың физикалық мәнін көрсету). Компьютермен жұмыс
істеу дағдыларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: