331
дарды қамтиды. Олар пәнді игеру және әртүрлі тапсырмаларды дай-
ындау әдістеріне, сондай-ақ дипломдық және курстық жұмыстарға
сипаттама береді.
Басылымдардың бұл түрі оқушы
мен оқытушының жұмысын
ұйымдастыруға көмектеседі. Әдістемелік ұсынымдар мен нұсқауларға
курстық және дипломдық жобалардың мазмұнына, ресімделуіне және
қорғалуына қойылатын талаптар енгізілуі тиіс. Ерекше топты әр пән
бойынша дайындалатын оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік нұсқаулар құрайды. Нұсқауларда пәннің жалпы
сипаттамасы (оны зерделеудің мақсаттары, міндеттері, оған сүйенетін
пәндер кешені), сондай-ақ оқушылардың өзіндік жұмысының нысан-
дары, әдістері мен түрлері (әдеби дереккөздерді, дәріс конспектілерін
зерделеу, практикалық сабақтарға, семинарларға дайындық, сөз сөйлеу
баяндамаларын жасау және т.б.) қамтылады. Ұсынылған материал осы
пән бойынша өзіндік жұмыстың
ерекшеліктерін көрсетуі, оны оқу
кезінде қалыптасатын білім мен дағдыларға қойылатын жалпы талап-
тарды ашуы керек.
ПЭОӘК
– курстың жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келетін және
студентке өзіндік немесе оқытушының көмегімен оқу курсын немесе
оның бөлімін игеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік
оқыту кешені. Электрондық оқулықтан айырмашылығы,
цифрлық
форматтағы пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешеннің (doc, pdf және
т.б.) электрондық аналогы бола алады.
ПЭОӘК құрылымы мен мазмұны және оларға қойылатын талаптар
ЖОО-ның нормативтік құжаттарымен айқындалады. ПЭОӘК негізгі
компоненттері:
– пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус);
– теориялық материал, ол әр тақырып бойынша дәріс конспек-
тісімен, тезистермен, ұсыныммен сүйемелденеді;
– практикум әр тақырып бойынша есеп жинағымен, практикалық
немесе зертханалық тапсырмалармен сүйемелденеді;
– пәннің негізгі ұғымдарын түсіндіру мен анықтауды қамтамасыз
ететін глоссарий;
– аралық және қорытынды бақылауға арналған бақылау сұрақтары
және олар әр түрлі тест сұрақтарын қамтуы мүмкін (ашық,
жабық, бір және көптеген жауаптары бар, жауап енгізу);
– дидактикалық материалдар (міндетті емес элемент), презентаци-
ялар, құрылымдық-логикалық схемалар, бейне, аудио жазбалар,
электронды плакаттар, электронды оқулықтар және т.б.