318
Жеке тұлғаға негізделген бағыттарды ескере отырып, оқу үдерісінің
әр қатысушысы үшін жеке мақсаттар қарастырылады, мысалы, онлайн
оқыту платформасын таңдау.
Цифрлық дидактика дәстүрлі дидактиканың негізгі ұғымдары мен
принциптеріне негізделген және кәсіби жоғары білім берудегі цифрлық
дидактиканың мақсатын жүзеге асыру үшін
келесі міндеттерді бөліп
көрсету керек:
– кәсіби цифрлық оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін
қалыптастыру тәсілдерін анықтау;
– кәсіби цифрлық оқытудан күтілетін нәтижелерді сипаттау;
– кәсіби цифрлық оқытудың дидактикалық принциптерін анықтау;
– заманауи цифрлық технологияларды басқару дағдыларын
меңгеруі тиіс түлекке қойылатын талаптар кешенін анықтау;
– цифрлық оқыту кезінде кәсіптік
білім беру нәтижелері мен
құзыреттері негізінде әмбебап дескрипторларды сипаттау;
– цифрлық оқыту модельдерін, оның ішінде онлайн-оқыту сабақ-
тарының түрлерін анықтау;
– онлайн оқытуды ұйымдастырудың
құралдары мен шарттарын
анықтау.
Міндеттерді орындау барысында цифрлық қоғамның үш компонен-
тінің ерекшеліктерін ескеру қажет:
– цифрлық буын – білім алушылардың жаңа буыны;
– цифрлық экономика және одан туындайдын кадрларға
қойылатын жаңа талаптар;
– цифрлық ортаны қалыптастыратын
және онда дамитын жаңа
цифрлық технологиялар.
Цифрлық дидактика оқу үдерісін ұйымдастырады және екі
маңызды мәселені шешеді:
1) оқу барысында цифрлық технологияларды не үшін
пайдалану
қажет;
2) оқу үдерісінде цифрлық технологиялар қалай пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: