Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет210/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Бақылау сұрақтары
1. Тәжірибелік жұмыстың дидактикалық мақсаттарын атаңыз.
2. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырыла-
тын дидактикалық принциптерді атаңыз.
3. Тәжірибелік жұмыс тұжырымдамасын анықтаңыз және олардың 
міндеттерін атаңыз.
4. ҚР жоғары оқу орындарында тәжірибелік сабақтарды ұйым-
дастырудың және жүзеге асырудың ерекшеліктері?
5. Platonus жүйесінде тәжірибелік сабақтарды ұйымдастырудың 
ерекшелігі.
6. Цифрлық дидактикада тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру 
және өткізу әдістемесін атаңыз.
7. Білім алушыларға тәжірибелік тапсырмалар жіберуге арналған 
ресурстарды атаңыз.
6.7 Цифрлық дидактикадағы виртуалды зертханалар
Виртуалды зертхана – бұл нақты қондырғымен тікелей байланыс-
сыз немесе ол болмаған кезде тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беретін 
бағдарламаланған кешен. Бірінші жағдайда, біз нақты зертхананы, 
қондырғыны басқаруға және алынған деректерді сандандыруға 
арналған бағдарламалық және аппараттық құралдарды, сондай-ақ 
байланыс құралдарын қамтитын қашықтан қол жетімді зертханалық 
қондырғымен айналысамыз. Екінші жағдайда, барлық үдерістер 
компьютердің көмегімен модельденеді.
Физикалық үдерістер мен құбылыстарды заманауи компьютерлік 
үш өлшемді модельдеуге негізделген электрондық білім беру ресур-
стары мультимедиялық оқу және ғылыми зертханалар немесе вир-
туалды жаттықтырғыштар түрінде жүзеге асырылады. Виртуалды 
жаттықтырғыштар технологиясының жаңалығы компьютерлік модель-
деудің заманауи құралдарын қолданумен және жаңа 
пәнаралық бағыт
ретінде білім беру саласына ақпараттық және коммуникациялық 


363
технологияларды белсенді енгізумен негізделген. 
Пәнаралық
– бұл 
кәсіби қызметтегі дағдыларды дарыту.
Электрондық оқулықтар, виртуалды зертханалар, жаттық-
тырғыштар, тестілеу жүйелері сияқты ақпараттық – коммуникациялық 
технологиялар құралдары білім алушылардың дербестігі мен олардың 
кәсіби құзыреттілігін дамытатын цифрлық білім беру ресурстары 
болып табылады.
«Виртуалды зертхана» термині келесі анықтамаға ие:
С.М.Вишнякова Зертхана – ғылыми және техникалық тәжірибелер 
жүргізетін мекеме, ал виртуалды зертхана – нақты 
тәжірибелер.
А.Ч.Хатагов
«Виртуалды жаттықтырғыш» және «виртуалды зерт-
хана» – бұл компьютерлік зертханалық жұмыстарға 
бағытталған бағдарламалық кешен.
С.Головин
Жаттықтырғыш – кәсіби дайындықтың техникалық 
құралы, ал виртуалды тренажер – бағдарламалық 
элементтер жүйесі.
Е.О.Козловский 
және 
Г.М.Кравцов
Виртуалды зертхана – білімнің немесе оқу қызметі-
нің бір түрі саласындағы нақты үдерістерге қатысты 
егжей-тегжейлі объектілерді зерттеу мүмкіндігі 
ұйымдастырылған бағдарламалық орта.
С.А.Ямпольская, 
В.П.Живоглядов
Виртуалды зертхана – зерттеулерді жүзеге асыруға 
арналған бағдарламалық-аппараттық құрал.
Н.И.Вавилова 
Зертхана – байланыс құралдарын қоса алғанда, 
деректерді орнату мен өңдеуді басқару үшін бағдар-
ламалық-аппараттық қамтамасыз етуге негізделген 
қашықтан қол жетімді зертханалық қондырғы 
арқылы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған бағдарламалық-аппараттық кешен.
Л.Н.Кечиев, 
А.В.Алешин 
Виртуалды зертхана – білім алушылардың тәжіри-
белік білімді, дағдыларды игеруін қамтамасыз 
ететін, қоршаған әлемнің объектілері мен үдеріс-
терін модельдеуге мүмкіндік беретін ақпарат көзі.
В.П.Тихомиров 
Виртуалды зертханалар білім алушыларға негізгі 
кәсіптік білім беру бағдарламасының вирту-
алды құралдарынан, оларды шешуге арналған 
құралдардан тұратын модульдерін (пәндерін) игеру 
бойынша тәжірибеге бағытталған міндеттерді 
ұсынуы тиіс.


364
 
 

Б.Е.Стариченко
Виртуалды зертхана – электронды білім беру орта-
сына нақты әлемнің модельдендірілген нысаны.
Виртуалды зертханалар, бір жағынан, нақты зертханаға сәйкес 
келетін жабдықтармен және материалдармен тәжірибе жүргізуге 
мүмкіндік береді. Екінші жағынан, кәсіби қызметте тәжірибелік 
біліктер мен дағдыларды игерудің компьютерлік моделімен танысуға 
мүмкіндік береді.
Әрине, виртуалды зертханаларды білім беру ұйымдарында 
қолдануға болады және қолдануы қажет, өйткені білім беру қызметтері 
нарығында техника мен технологияның дамуына уақыт жоқ.
Виртуалды зертхана нақты жабдық, онымен тікелей байланыссыз 
зертханалық және тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік 
беретін бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылады және 
зертханалық сабақтар мен практикумдарды ауыстырады.
Білім алушыларға оқу пәнінің тапсырмаларын өз бетінше және 
қай жерде орналасқанына қарамастан орындауға мүмкіндік беріледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жүйесінде зертха-
наның бағдарламалық-аппараттық кешендері виртуалды және 
қашықтан деп екі түрі бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет