Цифровая дидактика indd


Platonus жүйесі бойынша практикалық сабақтарды



Pdf көрінісі
бет208/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Platonus жүйесі бойынша практикалық сабақтарды 
ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ерекшелігі
Оқытушы күн сайын (демалыс күндерінен басқа) Platonus ААЖ 
чаттарында, WhatsApp қосымшасында және т.б. жұмысты жүзеге 
асырады, білім алушылардың тапсырмаларды орындауы тек Platonus 
ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Басқа қосымшалардың чаттары мен пошталары негізінен жедел 
байланыс, хабарландырулар және басқа да қосымша хабарламалар 
үшін қолданылады.
Оқытушылар мен білім алушылардың басқа да электрондық плат-
формаларды және онлайн сабақтар өткізудің басқа да электрондық 
көздерін (онлайн-дәрістер, бейне-дәрістер, өзіндік онлайн-жұмыс
онлайн-курстар, скайп, телесабақтар, MOODLE, ZOOM, Google 
Classroom, электрондық пошта, жеделхаттар және басқалар) қосымша 
пайдалануы мүмкін.
Оқытушы чаттарда жұмыс істеу кезінде келесі қызметтерді 
атқарады:
– білім алушылардың сұрақтарына жауап береді. Егер сұрақтар 
пәннің мазмұнына қатысты болмаса (яғни техникалық не-
месе ұйымдастырушылық), онда оларды қолдау қызметіне 
бағыттайды;
– шығарылған мәселені талқылау барысын бақылай және 
бағыттай отырып, нақты оқу курсы бойынша топ оқушыларына 
мәселелерді талқылауға шығарады. Топтық талқылауға 
оқытушының өзі тұжырымдаған және/немесе оқушылар қойған 
сұрақтар қойылуы мүмкін.
Қойылған сұраққа шешімді топтық іздеудің нәтижесі Platonus ААЖ 
чатында көрсетілетін осы сұраққа түпкілікті толық жауап болып 
табылады;
– вебинарлар (дәрістер) өткізу қорытындысы бойынша ең қызықты, 
танымал, өзекті және жиі қойылатын сұрақтарды Platonus ААЖ 
чатына шығарады;
– апта сайын топтық талқылауға шығарылған сұрақтарға жа-
уаптарды, күрделі мазмұнды сұрақтарға жауаптарды және 
өткен аптада болған курс бойынша оқиғалар тізбесін (вебинар 
қорытындылары, оқу материалына толықтырулар және т.б.) ор-
наластырады;
– оқу материалдарын түзету бойынша білім алушылардың 
ұсыныстарын жүйелейді және талдайды. Оқытушы оқу 


361
сабақтарының кестесіне сәйкес ағымдағы оқу аптасы ішінде 
Platonus ААЖ-да білім алушылар орналастырған тапсырмаларға 
барлық жауаптарды тексереді және бағалайды. Бағалар Platonus 
ААЖ электронды журналына оқытушы «тапсырма» модулінде 
баға қойғаннан кейін автоматты түрде қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет