Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет216/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Бақылау сұрақтары
1. Виртуалды экскурсиялар дегеніміз не?
2. Виртуалды экскурсиялардың мақсаттарын атаңыз.
3. Қандай дидактикалық принциптер жүзеге асырылады?
4. Дидактикалық мақсаттар бойынша экскурсияның түрлерін 
атаңыз.
5. Мазмұны бойынша экскурсия түрлерін атаңыз.
6. «Виртуалды оқу экскурсияларын ұйымдастыру және өткізу» 
қандай кезеңдерден тұрады?
7. Виртуалды экскурсияның бірінші кезеңіндегі оқытушының 
қызметі туралы айтыңыз.
8. Виртуалды экскурсияның екінші және үшінші кезеңдеріндегі 
мұғалімнің қызметі туралы айтыңыз.


372
 
 

7 ЦИФРЛЫҚ ДИДАКТИКАДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ 
ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
7.1 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясына 
негізделген оқытуды ұйымдастыру
ҚазақстанРеспубликасыныңбілімберусаласындағымемлекеттіксаяс
атыныңқұжаттарында «...білім беру саласындағы стратегиялық бағдар 
инновациялық, шығармашылық ойлау типі бар адамдардың жаңа буы-
нын қалыптастыру идеясы болуы тиіс» деп көрсетілген.
Білім берудің цифрлық парадигмасының негізгі идеясы тұлғаның 
интеллектуалды дамуына негізделеді, ол әлемдік тәжірибеде 
көптеген білім беру жүйелерінің бағдарламаларында оқытудың 
негізгі мақсаттары ретінде бекітілген. Ол мақсаттарға тұлғаның 
интеллектуалдық тұрғыда дамуы, өзіндік сыни, шығармашылық 
ойлау қабілетін қалыптастыруы, цифрлық ақпаратпен жұмыс істеу 
қабілетін дамытуы сияқты мақсаттар жатады.
Жаңа цифрлық әлеуметтік-экономикалық жағдайларда адам 
үшін білім мен біліктілік, білімді өз бетінше алу, салмақты шешім 
қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті маңызды орынға ие.
Оқытудың оқытушылық процесін цифрландыру онда оқытудың 
белсенді әдістерін қолдануға ықпал етеді. Цифрлық оқытушылық про-
цесс оқу материалы мен оқу қызметін ұйымдастыру үшін сапалы жаңа 
мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жоғары оқу орнында білім 
алушылардың білім беру сұраныстарына түбегейлі жаңа тәсілдерді 
қалыптастырады.
Біздің ойымызша, осы жағдайларда оқытудың белсенді әдістерінің 
дидактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, авторлық идеяны 
сақтай отырып, оларды қолдану алгоритмін саралап, түрлендіру 
қажет.
Оқу іс-әрекетінің «пассивті» формаларының рөлі төмендеп, 
оқушылардың өзіндік белсенділігіне, интерактивті қарым-қатынасқа, 
ұжымдық жұмысына негізделген технологиялар мен әдістердің рөлі 
артады.Белсенді және интерактивті технологиялар мен әдістер білім 
алушыларға цифрлық қоғамға қажетті әлеуметтік, кәсіби, цифрлық 
құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық оқыту процесінде қолданылатын белсенді және 
интерактивті технологиялар мен әдістер білім беру процесінің 
оқыту тиімділігін арттыруы керек, себебі 15-20 минуттан соңбілім 


373
алушылардың назары шашыраңқы болғандықтан, қолданылатын 
технологиялар мен әдістер қарқындыәрі сараланған болуы керек 
(қарапайым және күрделі, шығармашылық және зерттеушілік, топтық 
және жеке және т.б.).
Адамның тәжірибелік және теориялық іс-әрекетінде интеллек-
туалды іс-әрекеттің бөлігін бөліп көрсетуге болады, мұнда адам 
ұғымдармен, пайымдаулармен жұмыс істейді және қорытынды 
жасайды, сұрақтар қояды және жауап алады.Бұл үдеріс жалпыға 
ортақ,адам қызметінің барлық салаларын қамтиды, сондықтан білім 
алушыларға белсенді технологиялардың әдістері мен дағдыларын 
үйрету білім берудің маңызды міндеті болып табылады.
«Болашақ мамандарды дайындаудағы оқытуды ұйымдастырудың 
белсенді және интерактивті әдістері» бөлімінде біз келесі тақы-
рыптарда «Сын тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларын» (бұдан 
әрі – СТОДТТ) қолдану алгоритмін ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет