460
сұрақтарға логикалық жауап бере алмаса, өз пікірін білдіре және
негіздей алмаса қойылады.
Осылайша, қашықтықтан оқытуда бақылаудың әртүрлі нысанда-
рын, әдістері мен технологияларын қолдана отырып, студенттердің
өзіндік жұмысының едәуір бөлігін ескеру қажет. Оқытушы
бақылаушы ретінде материалды игеру деңгейін ескере отырып,
олардың жұмысын бағалайды. Электрондық технологияларды
қолдану, бір жағынан, педагогикалық жұмысты жеңілдетеді. «Арнайы
құрылған компьютерлік тест бағдарламалары бақылауды барынша
технологиялық етуге, оқытушыларды жеңілдетуге және жаппай оқыту
жағдайында өзін-өзі бақылау идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік
береді». Екінші жағынан, қашықтықтан бақылау оқытушыдан
студенттерді ынталандыруға, жеке байланыстың болмауын өтеуге
және әртүрлі ақпараттық технологияларды қолдануға көп күш
жұмсауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: