451
чат бойынша сканерленген нұсқа (фотосурет) (ZOOM, Cisco WEBEX
және т.б.), немесе оқытушы көрсеткен электрондық мекенжайға
жібереді. Білім алушы билет сұрақтары
бойынша сөз сөйлейді және
емтихан алушының сұрақтарына жауап береді.
Емтихан нәтижелері ААЖ емтихандық-рейтингтік ведомосына
енгізіледі. Электрондық форматтағы емтихан парағы қол жеткізу
құқығы шектеулі электрондық бақылау папкаларында сақталады.
Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша анықталатын
жіберу рейтингісінің бағасы негізінде пән бойынша емтиханға жіберу.
Пән бойынша қорытынды бақылауға рұқсат беру рейтингі кемінде
50% ТК болуы тиіс.
Үлгерімнің орташа балын (GPA) арттыру
мақсатында емтиханды
қайта тапсыру үшін білім алушы жазғы семестрде осы пән бой-
ынша оқу жұмыс жоспарында көзделген оқу сабақтарының барлық
түрлеріне қайта қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды
тапсырады.
Бұл жағдайда білім алушы қайтадан оқу пәніне жазылу рәсімінен
өтеді.
«Fх» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде оқу пәнінің
(модульдің) бағдарламасын қайта өтпей-ақ
ЖОО-ның Академиялық
күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен
артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
«F» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған
жағдайда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу
сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу
жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды
қайта тапсырады.
Транскриптке FX
және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды
бағаны көрсете отырып, білім алушы зерделеген барлық оқу пәндері
және (немесе) модульдер жазылады».
Емтихан сессиясы кезеңінде ЖОО ректорының бұйрығымен
біліктілігі апелляцияланатын пәндердің
бейініне сәйкес келетін
оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның өз жұмысында білім алушыларды
тестілеу логтарын (тест тапсырмалары бойынша жауаптар логтарын)
пайдалану мүмкіндігі бар. Апелляциялық комиссияның шешіміне
сәйкес емтиханды қайта тапсыру емтихан сессиясы кезеңінде,
бірақ емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен
кешіктірілмей жүзеге асырылады.