448
Білім алушылардың білімін межелік (рейтингтік)
бақылау
бекітілген кестеге сәйкес академиялық кезең ішінде 8-ші (Р1) және
15-ші (Р2) апталарда жүргізіледі.
Егер ЖОО-да триместр жүйесі жүзеге асырылса, онда білім
алушылардың білімін межелік (рейтингтік) бақылау жүргізілмейді.
Әр тапсырманы бағалауды оқытушы университеттің оқу және
әдістемелік бөлімдерінің ұсыныстарын ескере отырып дербес
анықтайды.
Қорытынды бақылау
Қорытынды бақылау – бұл белгілі бір академиялық кезеңде білім
берудің кәсіптік бағдарламасын меңгеру
деңгейін белгілейтін білім
алушылардың оқу жетістіктерін тексеру. Оқу пәні бойынша білім
алушылардың білімін қорытынды бақылау шарасы оқу аяқталғаннан
кейін өткізілетін емтихан болып табылады. Бірнеше пәндерді бір
кешенді емтиханға біріктіруге болады. Бұл ретте олардың әрқайсысы
бойынша жеке-жеке тиісті баға қойылады.
Емтихан нысаны: компьютерлік тестілеу, жазбаша емтихан, ауызша
емтихан.
Студенттің әр пәнді меңгеруін бақылау ағымдағы, аралық және
қорытынды бақылауды қамтитын баллдық-рейтингтік жүйе (бұдан
әрі – БРЖ) шеңберінде жүзеге асырылады.
Қорытынды бақылау (аралық аттестаттау) –
бұл білім беру
нәтижелерінің қалыптасуының қорытынды деңгейін бақылау және
өлшеу үшін қолданылатын бағалау құралдары мен процедураларының
жиынтығы.
Бақылауды ұйымдастыру үшін оқытушы асинхронды желілік
технологияларға (офлайн-оқыту) жүгіне алады, олар білім беру
процесінің әрбір қатысушысы үшін ыңғайлы уақытта (электрондық
пошта, форумдар, әлеуметтік желілер,
электрондық платформалар
және т.б.) оқу материалдарын беруге және алуға, сондай-ақ ақпарат
алмасу нақты уақытта жүргізілетін және білім алушылардың тікелей
қатысуын талап ететін синхронды желілік технологияларға (онлайн-
оқыту) (чаттар, бейне-конференциялар және т.б.) жүгінуіне болады.
Әрбір академиялық кезең барлық пәндер, кәсіби практикалар,
МҒЗЖ/Д, МҒЗЖ/Д бойынша қорытынды бақылауды тапсыратын білім
алушыларды аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
Емтиханды өткізу нысандары: компьютерлік тестілеу (оқытуды
цифрландыру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру кезінде–
«Platonus» ААЖ, прокторингпен), жазбаша емтихан (оқытуды
449
цифрландыру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру кезінде – веб-
конференцияларды
пайдалану арқылы, мысалы ZOOM, CISCO,
WEBEX және т.б., прокторингпен). Тілдік пәндер (шетел, қазақ, орыс)
бойынша басқа да нысандар (тыңдалым, жазылым және оқылым)
қолданылуы мүмкін.
Тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтарының тізімі ПОӘК-ке
кіреді, отырыста қаралады және кафедрада сақталады.
Аралық аттестаттау материалдарын (тесттерді, емтихан билеттерін)
қалыптастыруды және сақтауды кафедра қол жеткізу құқығы шектеулі
жүзеге асырады.
Бакалавриат деңгейінде кадрларды даярлау бағытындағы / барлық
мамандықтағы білім алушылар «Қазақстанның қазіргі заманғы
тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды сол академиялық
кезеңде аяқтағаннан кейін тапсырады.
Оқытуды цифрландыру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру
кезінде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»
пәні бойынша
мемлекеттік емтихан компьютерлік тестілеу нысанында – «Platonus»
ААЖ-да және веб-конференцияларды (мысалы, ZOOM, Cisco WEBEX
және т.б.) қолдана отырып, прокторингпен жазбаша емтихан ныса-
нында өткізілуі мүмкін.
Оқытуды цифрландыру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру
кезінде кестеде веб-конференцияның нөмірі (сәйкестендіргіш)
көрсетіледі.
Емтихандар кестесі электрондық нұсқада ресімделеді және ЖОО-
ның білім беру порталында орналастырылады.
Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және
білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың объективтілігін
қамтамасыз ету мақсатында оқыту және қорытынды бақылау
процестері бөлінеді. Жазбаша емтихан өткізу үшін осы оқу пәнінің
бейініне сәйкес біліктілігі бар және, әдетте, осы академиялық
топта/ағымда оқу сабақтарын өткізбеген жетекші оқытушылар
қатарынан емтихан алушылар тағайындалады.
Оқытуды цифрлан-
дыру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқытушының
студенттерді сәйкестендіру үшін және Проктор ретінде жазбаша
емтиханға қатысуы ұсынылады.
Емтихан өткізу үшін оқытушылар:
– тест тапсырмаларының деректер базасына аптасына бір дәріс
және/немесе практикалық (зертханалық, студиялық) сағатқа 4
сұрақ есебімен сұрақтар (Д қосымшасы);