453
GPA (СБ) = И1*К1 + И2*К2 + ... +Иn*Кn
К1+К2 + ... + Кn
қайда: И1, И2,... Иn – пәндер бойынша цифрлық эквиваленттегі
қорытынды бағалар;
К1, К2 ... Кп – кредитпен оқытылған пәндер көлемі;
n – барлық өткен оқу кезеңінде оқыған пәндер саны.
Ауысу балының ең төменгі шамасынан жоғары балл жинаған білім
алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа ауыстыры-
лады.
Қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification
Examination) – тиісті білім беру деңгейінің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген
оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін және оқу
қызметінің өзге де түрлерін олардың меңгеру дәрежесін айқындау
мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің
білім беру бағдарлама-
сының жалпы көлемінде кемінде 12 академиялық кредитті құрайды
және дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу
және қорғау нысанында өткізіледі;
магистратураның білім беру
бағдарламалары бойынша магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу
және қорғау нысанында өткізіледі; докторантураның білім беру
бағдарламалары бойынша докторлық диссертацияны (жобаны) жазу
және қорғау нысанында өткізіледі.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыстың немесе дипломдық жобаның
орнына екі кешенді емтихан тапсырылады.
Кешенді емтихан бағдарламасы жоғары білімнің білім беру
бағдарламасына сәйкес еңбек нарығының
талаптарына жауап беретін
интеграцияланған білім мен негізгі құзыреттерді көрсетеді.
Кешенді емтихандарды өткізу нысандары:
– жазбаша жұмыс
– компьютерлік тестілеу.
Кешенді емтихан басталғанға дейін бес жұмыс күнінен
кешіктірмей «Platonus» ААЖ-ға тест тапсырмаларының базасын
(тестілерді импорттау) жүктейді (барлық жүктелген сұрақтарды дұрыс
көрсетуге міндетті түрде «қарайды») және қорытынды аттестатта-
уды өткізу кестесіне сәйкес тізім бойынша білім алушыларға тестілеу
тағайындайды тест тапсырмалары.