Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет104/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ертең ереуілдеп Орда тағдырын өзі сойылымен шешеді. Иә, сонда Қобыландыға 
қандай жауап беру керек? әйтсе де, оның елу батпан 
1
шоқпарын сілтетіп қалған 
жөн-ақ». 
— Ақжол батырдың көзі жойылса, Жәнібек пен Керей ең жанашыр адамынан 
айрылады. 
— Олай болса, тек Ақжол бидің жалғыз өзін жоюға рұқсат етіңіз, хан ием! 
— Бір адамды өлтіру үшін, он адам боп ауылды шабудың қажеті бар ма? әлде 
жекпе-жекке күшің жетпей ме? 
Бұл сөз Қобыланды батырдың намысына тиді, бірақ ол хан алдында тұрғанын 
ұмытпай, қинала жауап қайырды. 
— Жекпе-жекке Ақжол би шықпаса қайтемін, хан ием?.. 
— Онда... Жекпе-жек жүз кездесер жолын торлау керек. 
Қобыландының онсыз да күрең беті енді тіпті күреңденіп кетті. Хан сөзін ол 
дұрыс түсінді. «Ақжолды қарақшыдай аңдып жүріп жалғыз жүрген кезінде өлтіруі 
керек. Жоқ, Қобыланды батыр ондай қарақшы емес. Өлсе де, өлтірсе де қан 
майданда жаумен бетпе-бет келеді». 
Қара Қыпшақ жолбарысының намыстанып қалғанын хан да сезді. Енді ол 
бұйыра сөйледі. 
— Ашық айқас ел арасын бүлдіреді. Арғын, Қыпшақтың тату болғаны жөн. Екі 
батырдың оңаша айқасында кімнің дауы бар? Жүзбе-жүз айқаста күші жетпей 
қаза болған ердің құнын ешкім жоқтамайды. Бұл ата-бабамыздың ескі салты. 
Хан сөзінің жаны бар екенін Қобыланды батыр енді аңғарды. Әрине, ол 
Ақжолды оңашада кездессе салған жерден өлтіреді. Жүректі жегідей жеп бара
жатқан күйік тек соны ғана арман етеді. 
Қобыланды батыр басын төмен иді де: 
— Құп, тақсыр, ендігісін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы шешсін! — деп хан 
сарайынан шығып кетті. 
1
Б а т п а н — салмақ өлшемі. Бір батпанда 200—300 грамм ауырлық бар. 


112 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет