Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет107/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Уәзір хан тапсырмасының орындалып қалғаны жайында әңгіме шертуде. 
Сүйіншік сұлтан туған шешесінің қылығын алғашқы естігенде сенбеген-мыс... 
Сен менің анама қара жауып отырсың, жарып өлтірем деп қанжарын ала ұмтыл- 
ған-мыс. Бірақ бұл оқиғаны «хан әкең де біледі. Сен айтпаған үкімді әкең айтады» 
дегеннен кейін барып тоқтаған-мыс. 
Шыңғысханның тас жүрек тұқымы емес пе, ақыры күнәлі анасын өлім 
жазасына кесуге көнген... 
Зұлым уәзір бұл жерде, біраз жағдайды жасырып қалған. Ол Сүйіншік 
сұлтанмен әңгімесін бөтен түрде бастаған. Ханның өзге балаларындай емес, бұл 
сұлтан Бақты-Қожа уәзірге жақын жүретін. Уәзір оны оңаша шақырып 
ойындағысын айта алмай ұзақ отырған. 
Хан уәзірінің көмейінде бір өте күрделі сөздің тығылып тұрғанын сезген бала 
жігіт: 
— Сөйле, Бақты-Қожа уәзір, — деген. — Байқауымша айта алмай отырған бір 
құпия сырың бар секілді. 
— Оның рас еді. 
— Егер құпия сыр маған арналған болса, екі құлағым сенде. 
— Тек өзіңе ғана арналған. Тек сенің болашағыңа керекті сыр... 
Тумай жатып Хан Ордасының өзара қанды таластарына әбден қанық Сүйіншік: 
«Менің басыма қауіп туып қалған екен» деп шошып кетті. Сұлтанның бұл 
жағдайын сезген қу уәзір: 
— Бүркіт балапаны жаратылғанда қыран болам деп жаратылады. Хан баласы 
туғанда хан болу үшін туады. Сенің әкең Әбілқайыр он жетісінде бүкіл Дәшті 
Қыпшақты биледі. Ал одан туған сен, әлі жорға мініп алтыбақан тебуден аса алмай 
жүрсің. Дер кезінде қабыршағын жарып жарық дүние көрмеген балапан 
тұншығып өледі, дер кезінде алтын таққа отыра алмаған хан ұлы, хан тағын арман 
етер кеселге айналады. О да өлгенмен тең... 


115 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет