Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет157/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қайтқан соң, бөтен әмірлердің күшімен өз тағын қайтадан Жөкіден тартып алды). 
Жүз қызыл нарға Самарқанттың бар қазынасын арттырып жібергендей Мұқамет-
Жөкі. Ал бұл керуенде жүз нарға тиелген алтын ыдыс, парша, манат, шағи, дүрия, 
қамқа. Самарқант кілемдерінен де қымбат Әбілқайырға арналған ерекше қазына 
бар болып шықты. Ол әбусейіттің үлкен бәйбішесінен туған Ғибадат-Сұлтан-Бегім 
еді. Қос анары жаңа пісіп келе жатқан алмадай қап-қатты, үлкен қарақат көздері 
қолға түскен құралайдың көзіндей жаудыраған, жаңа қыз болып қалыптасып келе 
жатқан сұңғақ бойлы жас сұлудың мысы жеңді. Әбілқайыр қашқан елдің көшін 
шабуды ертеңге қалдырды. Сол күні түнде күміс бағаналы көк жібек шатырдың 
ішінде әлі тұғырынан тая қоймаған кәрі көкжал он үш жасар уылжыған ақ тотының 
аппақ төсінен шөлі қана тояттанды. Кешеден бері Ғибадат-Сұлтан-Бегімді 
көргеннен бүкіл денесін билеп кеткен қызуын баса алмаған Әбілқайыр, енді
көңілі бір саябырлап қалың қолына көтерілуге бұйырды. Бірақ жіберілген 
ертөлелерден қашқан көш түнде Сейхун дариядан кейін, Қараталға қарай өтіп 
кеткенін естіді. Кешегі салдарды суға ағызып жіберген хан, қайтадан бір жеті сал 
тоқытып, кейін шегінгенше қыруар ел мекендеріне жетіп, бекініп алатынын 
түсінді. «Үргенішке туымды тігіп, әбден күшейіп алып Моғолстанды шапсам, әр 
жерге бір көшіп жүрген қазақтың қаңғыған рулары қайда кетер дейсің!» деп 
ойлап Әбілқайыр бетін қайтадан Жейхун дариясының жағасына бұрды. Бір түннің 
қызығына хан Ордасының болашағын айырбастаған қатесін ол бұ жолы 
аңғармады. Тек жиырма жыл өткеннен кейін бұл қатенің ауыртпалығын балалары 
көтерді. Өйткені осы қалың көшті Көкше теңізге құятын Қаратал өзеніне бастап 
бара жатқан — қазақ елінің болашақ ұлы ханы, Жәнібектің баласы Қасым сұлтан 
еді. Әбілқайырға бір түнде түсетін жеңіс, артынан барып оның балаларына отыз 
жылдық күйреуге айналды. 
Хан қалың қолымен құмайтты, сорлы сұрғылт даланы басып үш күннен кейін, 
Жейхун дарияның сол жақ жағасына жетті. Енді осы дарияның бойымен жоғары 
қарай жүріп отырып, Үргеніштің тұсынан шықты. Бұрын, отызға толмай тұрған 


168 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет