Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет181/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Жоқ, хабарым хан кеңесінің де құлағына жетсе екен дейді. 
— Кірсін. 
Үйге «ассалаумағалейком» деп басын иіп, тобылғы қамшысын кеудесіне ұстап, 
қоңыр жүзін жел сорған қаба сақалды, түйе жүн шекпенді, белінде күміс кіселі 
жалпақ белбеуі бар, кең қоныш етікті, орта бойлы адам енді. Ол сәлем беріп, есік 
алдында ханға кішіпейілдік ишарат көрсетіп, бір тізерлеп отыра қалды. Шаң 
шалған жүзінен алыстан келген жолаушы екені бірден көрініп тұр. 
— Қай рудансың? — деді хан ананың сәлемін алып болғаннан кейін. 
— Дулатпын. Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырзаның шабарманымын. 
— Сөйле! Не айтайын деп едің? 
— Сүйіндік хакім хабарымды ұлы мәртебелі Исан-Бұғы ханға тез жеткіз деді. 
Байтақ жеріңіздің теріскей шетіне Барақ хан мен Болат сұлтанның балалары 
Жәнібек пен Керей ерткен қалың ел келіп тұр. Дені Арғын, Уақ, Найман, Керей, 
аздаған Қоңырат, Алшын да бар. Әбілқайыр ханмен келісе алмай көшіпті. Қоныс 
сұрайды. Жәнібек пен Керей сұлтан өзге жұртын Талас өзенінің арғы бетіне 
қалдырып, өздері бес жүз сойылды салт атты нөкерлерімен төте жолмен сіздің 
мединеңізге келе жатыр. Мен күні бұрын хабар бергелі жеттім. 
Хан көзінде кенет қуаныш ұшқыны жарқ етіп тұтанды да, сол сәтте ғайып 
болды. 
— Жәнібек пен Керей сұлтан қай мезгілдерде жетер екен? 
— әрі кетсе ертең күн шыға. 
— Өздері қанша жұрт? 
— Қыруар ел. Алды келіп өзеннің кең алқабында қазан көтеріп жатқанда
көштерінің соңы түйелерінің қомын алып та үлгерген жоқ. Оның үстіне жан-
жақтағы қазақ жерінен, тіпті алыстағы ауылдардан соңдарынан іздеп келіп 
қосылып жатқан елде есеп жоқ. Сірә, Әбілқайыр хан шеңбері сорлы халықтың жан
етін жұлып алуға айналған болуы керек... 


194 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет