Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет188/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Мен сұрасам жөніңді сен айтарсың, 
Жөн айтпасаң ізіңмен тез қайтарсың. 
Қай айғырдың үйірінен қашып шыққан, 
Мен көрмеген бұл маңнан қай байталсың? 
дейді. 
Сонда қыз: 
Сөз тұрғыңнан, сұлтаным, қалдым біліп, 
Жан екенсің үйренген байтал мініп. 
Құлынымын Жұныстың, өңім түгіл 
Түсіме де көрмеген айғыр кіріп. 
Туғандарым кезінде Бұқар кеткен. 
Жай оғындай жарқ еттің түскен көктен. 
Еркегі жоқ ауылды шабатұғын 
Кәсібің бе, сұлтаным, әдет еткен? 
Сол жылқымның соңынан келдім іздеп, 
әке үшін бар қорлыққа қызы төзбек, 
Табалатпай қасына малын қайтар. 
Өз басымды кетсең де келемеждеп... 
дейді. 
Сонда Қасым сұлтан айдап келе жатқан жылқысын тоқтатып, су жағасына 
жібек шатыр тігіп, Нигер-Сұлтан-Бегімді көтеріп аттан түсіріп, аппақ айлы түнде ақ 
шатырға кіргізді. Аппақ айлы түнде ақ шатырға төселген ақ кигіздің үстінде әлі жан 


202 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
сипап көрмеген қыздың ақ төсінен Қасым сұлтан тоят алды. Таңертең ел 
басқаратын адам мал санын емес, ел санын арман етеді. «Ел өссе ер өседі. Ер өссе 
шер өшеді», деген әке сөзін өсиет тұтқан ер көңіл батыр жігіт қыздың үш мың 
жылқысын қайтарып берді. Бұдан өзінің даңқы өсетініне сұлтан күмәнданбайды. 
Қасымның қылығына риза болған Нигер-Сұлтан-Бегім ат үстінде тұрып, жарылған 
жұмыртқа тәрізді құны түсіп кететінін айтып, түндегі болған оқиғаны мақтан етіп 
бөтенге жарияламауын өтінді. 
Қасым: «Бұ жалғанда, амал жоқ, көп нәрсені құпия ұстауға тура келеді» деп 
қыздың өтінішін орындауға уәдесін берді. 
Осылай Қасым сұлтан, олжадан қағылған серіктерін ертіп еліне беттеді. Не қыз 
жоқ, не олжа мал жоқ, іштей күйінген жігіттер Қасымға өкпелерін айта алмай, 
қалжың-әзіл өлең шығарады. 
Шақпақ тас о да мүлік от жаққанға, 
Қоймен тең қотыр ешкі мал баққанға. 
Төледі үш мың жылқы қалай ғана 
Қасекең қыз қойнына бір жатқанға? 
Дүние алдап кетер қызыл түлкі 
Қызығы бұл жалғанның ойын-күлкі. 
әйтсе де сол қыздікі алтын ба екен, 
Төлейтін бір түніне үш мың жылқы?, 
Бір қу жігіт ат шалдырып отырғандарында осы өлеңді сұлтанға айтып береді. 
Қасым күледі де қояды. Бірақ жолай ғажайып ерлік көрсетіп, Қаратау жайлауында 
жатқан Мұхамед-Сұлтан-Мазиттің бір топ жылқысын шауып алады. Жігіттеріне 
үлестіреді. Нигер сұлумен болған оқиғаны айтпауларын сұрайды. Жігіттер уәде 
береді. Бірақ әзіл сөз қолға тұрмайтын сынап қой, бертінде әлгі өлең жұрт 
арасына тарап кетеді. 


203 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет