Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет187/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   316
Әдеби KZ
 
 
күйеуге шықпақ түгіл жанынан жүруге адам жеркенер», — деп жауап берді. Қыз 
жауабын естіген әбдірашит енді Жұныспен сөйлеспеді. «Бәлем, осы сөзіңді 
ұмытпа, түбі бүкіл малымды саған төксем де, мес қарнымның астына бір 
салармын» деп ашуланып жүріп кетті. 
әбдірашит сөзін естіген сұлу Нигер-Сұлтан-Бегім: «Сенің астыңа түскенше, 
өлгенім артық», — деп күліп қала береді. Өмірдің есігін әлі дұрыс ашып көрмеген 
жас сұлу, бұл жалғанда тек өлі жандар ғана кездеспейтінін, өмір деген сұрқияда 
адамның түсіне кірмейтін ғажайыптар болып жататынын қайдан білсін! Адамды 
қақпақыл етіп ойнайтын тағдырдың асау сырын жас сұлу еске ал-мады. 
Қашқар ханының ұлы әбдірашит кеткеннен кейін, Жұнысты балаларымен 
Бұқарда саяхаттап жүрген Самарқанттың әміршісі әбусейіт қонаққа шақырды. 
Жұныс азамат ұлдарын ертіп, үлкен салтанатпен Бұқарға аттанды. 
әдейі осы мезетті аңдып тұрғандай Жәнібек Ферғана өңірінде жатқан Жұ- 
ныстың үш мың жылқысын айдап әкелуге бір топ жігіттерімен ортаншы баласы 
Қасымды аттандырды. 
Қасым тайлы-таяғына дейін қалдырмай Ферғана өңірінде жайылып жатқан 
Жұныстың жылқысын тегіс айдап әкетеді. Бүкіл ауылдан жылқыны қуып барып 
алып қалар жан шықпады. Сонда атқа он бес жасар ерке-шора Нигер-Сұлтан-
Бегімнің өзі мінеді. Бар жылқысынан айырылса әкесінің тақыр кедей болып 
қалатынын білетін саналы қыз, тәуекел деп еркекше киініп, қолына найза алып 
шапқыншыларды қуып береді. Жылқы Талас өзеніне таяған жерде, Нигер-Сұлтан-
Бегім орағыта Қасымның алдынан шығады. Жылқыны айдап келе жатқан қол, 
алдарынан шыққан найза ұстаған жалғыз жігітті көріп, садақпен тартып қалып 
жайратып кетудің орнына, оны ұстап алып мазақ еткілері келеді. Жақындай келіп 
олар жігіт дегендері еркекше киінген қыз екенін аңғарды. Жау жылқысын алып, 
көңілдері судай тасыған кілең жас қыршындар енді «жігіттері тығылып қалып
қыздарын жауға аттандыратын бұл неткен батыр ауыл?» деп күлкі етеді. Сонда 
Қасым сұлтан қызды сықақтай бір ауыз өлең айтады:


201 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет