Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет185/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   316
Әдеби KZ
 
 
бабамыз кеше туын тіккен Сығанақ шаһарының маңайы. Бұл ара бізге қолайлы. Ар 
жағында Үйсін, Жалайыр, Дулат, Қоңырат, Қаңлы мен Найманның, Керейдің біраз 
елі жатыр. Бұ жақта да аздаған Арғын, Қыпшақ бар. Сығанақ бұл күнде 
Әбілқайырдың қолында. Түбін көрерміз. Ал әзірге барар жеріміз Жағатай 
ұрпағының Түркістанмен шектескен тұсы. Ағайын сыйласын десек, ол араға біз ел 
болып баруымыз керек. Қасым баһадур жөн айтады. Қазір әрқайсың қастарыңа 
бес-алты 
жігіттен 
ертіп 
алып, 
қозғалмай 
отыр- 
ған ауылдарға аттаныңдар. Соңымыздан жұрт көп ерсе, халықтың тілегіне біздің 
тілегіміз сай келгені. Онда ісіміздің игілікті болуы хақ, — деген. 
Жәнібек пен Керей балалары жан-жаққа тараған. Солардың айтуымен 
Әбілқайырға наразы біраз рулар Моғолстан жеріне көшіп бара жатқан қалың 
көшке келіп қосылған. 
Әбілқайыр әскерінің Сейхун дарияның арғы бетіндегі көрген көш орны да, 
шабарманның айтқан Талас өзенінің бергі бетіндегі қонып жатқан қалың ел де 
бәрі бір осы Жәнібек пен Керейге келіп қосылып жатқан қазақ рулары болатын. 
Шабарман шығысымен Исан-Бұғы хан кеңесін таратты да, Мір Мұхамед-Шайх, 
Мір Сейтәлі әмірлерімен, бас найыбы Үйсін Қастек бимен өзі оңаша қалды. Қазақ 
руларының Моғолстан шекарасына көшіп келуі, егер оларды Моғолстан жерінің 
шетіндегі Шу, Сарысу өзендерінің бойы мен Талас өзенінің арғы бетіне 
орналастырса, өздерін Әбілқайыр мен Ақсақ Темір хандықтарының шабуылынан 
қорғайтын қалқан жасайтындарын бұл төртеуі бірден ұғысты. Және қазақтардың 
күштерін Қытай мен Қалмаққа да қарсы пайдаланбақ болды. Исан-Бұғы Жәнібек 
пен Керейдің алдынан ат шаптырды. Ақ Орда хандарының ұрпақтарын, олармен 
бірге келген қазақтың басты руларының игі жақсыларын құшағын жайып қарсы 
алды. 
Жәнібек пен Керей Моғолстан ханымен бір ай бірге болып, бір ыдыстан ас 
ішісіп, бір ауыздан сөз шығарысып, тату-тәтті бітімге келді. Исан-Бұғы көшіп келген 
қазақ руларына бүкіл Шу, Сарысу, Талас, Бадам өзендерінің бойы мен Қозыбас, 


199 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет