Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ -ЗАМАН ТАЛАБЫ



Pdf көрінісі
бет115/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ -ЗАМАН ТАЛАБЫ
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы
Сарыөзек орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі
Мусабекова Макпал Тлеубалдиевна
Биылғы оқу жылында төртінші тоқсанды еліміздегі ерекше жағдайларға байланысты барлық
мектептер алғашқы рет қашықтықтан және онлайн оқыту тәртібімен аяқтады. Әрине, бұл мәжбүрлі
шара болды, дегенмен оқытудың осындай формасының қажеттілігі бар екені бұрыннан мәлім.
Біздің ауылдық мектепте де осы тоқсанда оқушылар да, ұстаздар да жаңа оқу және оқыту форматын
іске асырды. Көктемгі демалыс күндерінде мұғалімдермен, оқушылармен, ата – аналармен дайындық
жұмыстары жүргізілді. Оқыту қалай өтетіні, не істеу керектігі жөнінде мәліметтер таратылды,
сұрақтарға жауап берілді. Әсіресе, ата – аналардың жауапкершілігі бұрыңғыдан да артатынына көңіл
бөлінді. Оқушыларға қажетті жағдай жасауға, уақытын тиімді өткізуіне және бақылауда ата –
аналардың ролі арта түсті. Материалдық және басқадай қиындықтары бар ата – аналардың жағдайы
ескеріліп, ондай отбасылардағы оқушылармен курьерлер арқылы тапсырма беру, кері байланыс жасау
ұйымдастырылды. Сабақ кестесін құрастыруда, «Балапан» телеарнасындағы сабақтардың өткізілуі
ескерілді. Негізгі байланыс «Kundelik» платформасы және WhatsApp мессенджері арқылы жүзеге асты.
Әрине, бұл іс – шаралар тұңғыш рет өткізілгендіктен, мысалы, шалғай ауылдық жерлерде Интернет
желісінің төмендігі, оқушылардың көпшілігінде байланыс құралдарының тапшылығы, мұғалімдердің де
қашықтықтан оқыту түрлерін толық меңгермегені, кейбір ата – аналардың балаларға жағдай жасау және
бақылауға жете көңіл бөлмеуі, оқушылардың білімі толыққанды бағаланбағаны, 9 және 11 сынып
оқушыларының емтихандары өткізілмеуі сияқты кемшін тұстарыда байқалды.
Оқушылардың үйде отырғанда, көңілін аударатын нәрселер көп, сондықтан саналылығы да үлкен роль
атқарады, және өздігінен білім алуға ұмтылысы болғанын қолдау қажет. Басымдықтарына келер болсақ,
оқушылардың мектепке барып, келетін, дайындалатын уақыты үнемделеді. Сабаққа қатыса алмаған
жағдайда, басқа уақытта қайталап қатысуына мүмкіндіктері бар. 
Мұғалім бір уақытта шектеусіз оқушылар санымен кедергісіз жұмыс істей алады.
Алдағы уақытта елімізде және дүние жүзінде жағдай тұрақтанса да, қашықтықтан оқыту форматы
біршама уақыт сақталуы мүмкін, сол себепті, оқу процесіне қатысатын барлық тараптар осы істі одан
әрі жетілдіре беруге, ол үшін жаңаша әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдануға ұмтылғаны жөн.
Мұғалімдер сабақты қызықты өткізуде техникалық, ақпараттық мүмкіндіктердің жаңа түрлерін
батыл қолдануды қолға алуға тиіс. « Ұстаз - мектептегі басты тұлға» деген қағида, қашықтықтан оқыту
жағдайында да өзінің өміршеңдігін дәлелдей түседі.
109


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет