----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, білім беру салаларының
кіріктірілген қағидаларының негізінде құрылуы қажет. М.В Крулехт,А.Г Погоберидзе, М.В Лазереваның
зерттеулерінше интеграциялау қағидаларын жүзеге асыру арқылы балаларда әлемнің біртұтастығын, өзін ойын
еркін жеткізуге және қарым-қатынас дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Кіріктірілген қағидасы білім беру мазмұнының таңдау
мен талдауын қажет етеді, сондай-ақ балаға
қоршаған орта құбылыстарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ең бірінші «интеграция» түсінігін анықтау
маңызды. Интеграция терминін жалпы ғылыми терминдер қатарына жатқызады. Отандық ғылымда 1980
жылдан бастап, бұл терминді белсенді түрде қолдана бастады. Философия,
педагогиканың ізімен алға
ілгерілей бастады. «Интеграция» түсінігі «байланыс», «қарым-қатынас», «кешенді әдіс», «жүйе», «біртұтастық»
ұғымдарымен мағыналас. Бұл ұғымның мағынасы жыл өткен сайын тереңдей түсті.
Қазіргі уақытта философтар интеграцияны байланыс жасау арқылы қалыптасқан қандайда бір кері
түсініктердің шешімінің нәтижесі ретінде қарастыруда. В.С Безруковтың пікірінше, педагогикалық интеграция
бұл педагогикалық мақсатта, педагогикалық әдістермен қатынас және байланыс жасауды орнықтыру. Ол
педагогикалық теория және тәжірибе шеңберінде жүзеге асады.
Интеграция
-
жалпы мағынада біріктіру, өзара түсінісу- әртүрлі элементтердің
немесе бөліктердің бір
«тұтас» болып бірігуі. Жеке элементтерге қарағанда, тұтастардың артықшылығы мен мүмкіншіліктері көп.
Интеграциялық қызмет педагогикалық процесті қызық әрі мазмұнды етеді.
Интеграция мектепке дейінгі білім беруде балаларға білім беру компонентерінің жалпылама ықпалын
тигізеді, бұл әр қайсысына бөлек ықпал жасағаннан әлде қайда белсенді және қолайлы, білім беру барысында
жақсы нәтижелерге әкеледі. Интеграцияның ішіне бастапқы мақсаттарды жүзеге асыру және тәрбиелеу
тапсырмалары және айналадағы дүниеге көзқарасын толықтай қалыптастыру
негізінде жеке тұлға ретінде
қалыптасуы; мазмұнын жүзеге асыру ғана емес формальды максаттарымен тәрбиелеумен дамыту
тапсырмалары; әр түрлі бөлімдердің (түраралық интеграция) және бөлім ішінде (ішкітүрлі интеграция)
байланыс компонентерін нығайту; тәсілдердің өзара әрекеттесуі және тәрбиелік тәсілдері және балаларға білім
беру жұмыстарын тікелей уйымдастыру (методикалық интеграция); балалар шығармашылық түрлерінің
синтезі; үлкендер мен балалардың және балалардың өзіндік жұмысына интеграция түрлерін енгізу.
Интеграцияның басты бағыты баланы дамыту
дәрежесінде әр түрлі элементтердің (бөліктердің) бір
«тұтас» болып бірігуі, бала дамуының әр түрлі бағыттарының катогория түсініктерінің бірігуі, педогогикалық
үрдісті қызық және мазмұнды қылады.
Білім беру саласының интеграциясының
дәрежесінде бір білім беру
саласының мақсаттары мен
тапсырмалары мен екінші білім беру саласының мақсаттары мен тапсырмалары арасында байланыс болады.
Интеграциялық тапсырмаларды шешу барысында, бала үлкендердің көмегімен ассоциялық байланыстарды
«тізбектеп» және қандайда да бір белгіні еншілейді, тек өзі ғана емес, басқа ерекшеліктер жүйесінде және
интеграциялық білім беру саласын байланыстырып, талдаудың негізі болады. Жүйелі зерделеу
нәтижесінде білім беру саласын жан-жақты танып басты талдамаларды қолдана отырып (бала көреді, естиді,
сезеді), мектепке дейінгі бала бір білім саласын танудан екінші білім саласын тануға онай қайта бағдарлана
алады. Неғұрлым маңызды белгілерін бөлу үрдісі сәтті болса, соғұрлым баланың білім саласында тұспалдауы
кеңірек болады. Нақты бір немесе басқа білім саласын толығырақ және тереңірек танығанда керек белгілерді
талдауда бірталай жеңілдетеді. Бірақ педогогикалық тәжірибеде жаңартпашыл құбылыс ретінде тәжірибеге
енгізуде теориялық, методикалық дәлелділігінің әлсіз болғандығынан қиындықтар туғызады.
Көптеген зерттеулерде педагогикалық әртүрлі аспектілер қаралады: Мектепке дейінгі білімнің мазмұны,
үлгі ретінде бейнелеу қызметі және бейнелеу
өнері арасындағы байланыс, басқа өнер түрлерімен және
қоршаған орта туралы түсініктерінің қалыптасуымен байланысты жағдайына байланысты әр түрлі білім беру
аумағына интеграцияның әдіс-тәсілдерін өңдеу қажет. Интеграция тәсілі интеграцияның қағидаларын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.Білім беру аймағына тәрбиеленушілердің артықшылықтары мен ерекшеліктерін
ескерілуі тиіс.
Біріктіру
- білім беру аймағындағы барлық элементтердің жинағы;
Үйлестіру
- білім беру аймағындағы психологиялық – педагогикалық міндеттердің шешімін анықтайды.
Қорыта келгенде айтатыным, баяндамада өн бойында сөз болып отырған интеграциялық сабақтар балаларды
жалықтырмайды, жұмыстың түрі өзгеру барысында біртұтастықпен тақырыпты жан-жақты дамытады. Әрине
ол тәрбиешінің шеберлігіне оқу материалдарын өткізуге сабаққа мұкият әзірленуіне байланысты. Интеграция –
іс-әрекетті алмастыру және бір пәннен басқасына білімді жай келтіру емес, қазіргі ғылыми білімнің
тендециясын бейнелейтін жаңа дидактикалық эквивалентті құру процесі болып табылады.
112